Жаңалықтар

Түркістан облысында сабаққа дұрыс қатыспаған балалардың ата-анасына айыппұл салынып жатыр

  • https://theopenasia.net/

    https://theopenasia.net/

Түркістан облысында жыл басынан бері балалардың білім ұйымдарындағы сабаққа дұрыс қатысуы қамтамасыз етілмегені туралы 2 дерек тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған ата-аналарға 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл туралы Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Құдайберген Шербаев брифингте мәлімдеді.

 

«ҚР Білім және ғылым министрлігі жыл сайын 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын өткізеді. Мақсаты - балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселесіне қоғамның назарын аудару. Өңірде бұл бағытта тиісті шаралар қолға алынады. Білім ұяларындағы бала құқығын қорғау – департаменттің назарында»,-деді Құдайберген Қайыпбекұлы.

 

 

Негізінен департамент тарапынан «Бала қорғау» тобы жұмыс істеуде. Апта сайынғы мониторинг нәтижесінде өткен аптада арнайы чатқа 63 сұрақ келіп түскен. Аталған мәселелерді оңтайлы шешу бойынша тиісті шешімдер қабылданған.

 

 




Көрілген: 393    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.05.2021, 17:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31