Жаңалықтар

Түркістан облысындағы тойхана мектепке айналды

  • Түркістан облысындағы тойхана мектепке айналды

    Түркістан облысындағы тойхана мектепке айналды

Түркістан облысы Келес ауданындағы зәулім салтанат сарайлары той-думан өткізуді доғарып, халыққа өзге қызмет түрлерін ұсына бастады. Олардың біреуі жаңа оқу жылынан бастап, мектепке айналса, тағы бесеуі бизнестегі бағытын өзгертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Дәмхананың тамақтану орнында қазір бүлдіршіндер білім алуда. Әр сыныпқа 24-25 оқушыдан жайғасқан. Сабақ өтетін бөлмелер кең әрі жарық. Балалар мұнда таңертеңнен кешке дейін сабақ оқиды. Мектептің арнайы автобусы оларды үйлерінен алып келіп, қайта апарып салады.

 
“Түске дейін сабағын оқыса түстен кейін үй тапсырмасын және қосымша сабақтар жүргізеді. Оның графигін, кестесін жасап бергем. Себеп, 2 жыл бойына онлайн оқыған балалардың сауаты өте төмендеп кеткен. Қазір біз соны жоғары көтеруге әрекет етіп жатырмыз”, – дейді мектеп меңгерушісі Мірахмет Байқожаев.

Бастауыш мектептің ашылуы орталықтағы білім ұяларының жағдайын едәуір жақсартты. Өйткені әрқайсысында оқушы саны мыңнан асып жығылатындықтан ғимарат тарлық ете бастаған-ды. Бастауыш сыныптарға арналған жаңа мектепте қазір 200-ге тарта шәкірт білім алуда. Алты сынып бар.

Тойхананың 250 адам еркін отырып, думандатып той тойлаған салтанат залы бүгінгі күні денешынықтыру пәнін өтетін спорт сал ретінде қайта жабдықталуда. Енді шәкірттер мұнда футбол, волейбол, баскетболмен шұғылданатын болады.

Аумағы 3 жарым мың шаршы метр болатын ойын-сауық орталығында қазір білім беру талаптарына сай барлық жағдай жасалған. Келешекте білім ұясын негізі немесе орта мектепке айналдыруға әзірден қам жасалып жатыр.

“13 сынып, тағы бір компьютер сыныбымыз бар. Түсте тамақ береміз балаларға, келер жылы киім, арнайы форма берсек деп жатырмыз”, – дейді кәсіпкер Досжан Ескендіров.

Келесте пандемия басталғалы кәсіптері тоқырап, жабылып қалған тойханалардың жартысына жуығы қазір басқа кейіпте. Алып ғимараттар сауда үйлеріне айналып, тұрмыстық техника мен халық тұтынатын тауарлар сатуға көшкен.

Stan.kz




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.11.2021, 13:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31