Жаңалықтар

ҰБТ-2020: Грантқа немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін қанша балл жинау керек

  • ҰБТ-2020: Грантқа немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін қанша балл жинау керек

    ҰБТ-2020: Грантқа немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін қанша балл жинау керек

 Қазақстанның білім және ғылым министрлігі грантқа немесе ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу үшін қандай шекті балл қажет екенін жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық университеттерге түсу үшін кем дегенде 65 балл, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсу үшін кемінде 50 балл жинау керек; Білім салалары бойынша: "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" – кем дегенде 60 балл; "Педагогикалық ғылымдар" – кемінде 70 балл; "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" – кем дегенде 65 балл. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бейнежазбаны қарау кезінде түлектің тыйым салынған затты пайдаланғаны анықталса, ҰБТ нәтижесі жойылатынын мәлімдеген болатын. Министрдің айтуынша, осы жылы тест тапсырушыларға қарапайым калькулятор беріледі және тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа дейін ұзартылған.

Ол талапкерлерге тестілеуге дайындалу үшін түрлі жағдайлар жасалғанын жасырмады. "Талапкерлер ҰБТ-ға жақсы дайындалуы үшін біз оларға ақысыз орталықтың сайтында 70 нұсқа тесттерін алдын ала берген болатынбыз. Түлектер емін-еркін осы сынама тестілерді тапсыру мүмкіндігіне ие болды және тапсырды деп айта аламыз", - дейді Аймағамбетов.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 2369    Пікірлер: 0

жұма, 12.06.2020, 10:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30