Жаңалықтар

ҰБТ-да қызына көмектескен аудандық білім бөлімінің басшысы жазаланады

  • © Baribar.kz

    © Baribar.kz

Қарағанды облысы аудандық білім департаментінің басшысы Айнагүл Ақмағамбетова жазаланады. Оның мектеп бітіруші қызына ҰБТ-да жоғары балл жинауға көмектескені белгілі болды деп хабарлайды 31 арна-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Тестілеу наурыз айында өткен.


Абитуриенттердің бірінің анасы Айнагүл Ақмағанбетова мемлекеттік комиссияның төрайымы болыпты.


Ақмағанбетованың қызы ҰБТ-ны телефонның көмегі арқылы тапсырып шығып, 103 балл жинағаны хабарланды.

Алайда ережеге қарсы келетін әрекет бірден анықталмаған.


Мемлекеттік қызмет департаментінің мамандары видеоны көру барысында заң бұзушылықты анықтады.


Емтихан кезінде жауап қабылданып қойғандықтан, ҰБТ нәтижелері жойылмады. Сондықтан қыздың баллы сол қалпында қалды.


Бірақ мектеп түлегі мемлекенттік грантқа таласа алмайды. Оның тапсырған тесті ақылы бөлімге арналған.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының басшысы Жандос Сәрсенов аудандық білім бөлімінің басшысын жаза күтіп тұрғанын айтты.


"Әріптестер бұл жерде заңға қайшы әрекет бар. Этикалық кодекс. Сондықтан қатаң сөгіс жариялауды ұсынамын", - деді ол.


 




Көрілген: 677    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.05.2019, 15:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31