Жаңалықтар

«ҰБТ ережесін бұзуға ата-аналардың өздері итермелейді» - Асылбек Қожахметов

  • «ҰБТ ережесін бұзуға ата-аналардың өздері итермелейді» - Асылбек Қожахметов

    «ҰБТ ережесін бұзуға ата-аналардың өздері итермелейді» - Асылбек Қожахметов

Жыл сайын талапкерлердің 90 пайызы әртүрлі құрылғыларды – сымсыз құлаққаптарды, телефондарды пайдалануға тырысады.
«Әуелі ҰБТ-да, одан соң емтихан кезінде көшіреді, кейін курстық жұмыс пен дипломдық жұмыс жазу барысында өзгенің еңбегіне қол сұғады. Бізге мұндай талапкерлер қажет емес. Мұндай жастарды жоғары оқу орнына қабылдамаймыз», – деді AlmaU университетінің президенті Асылбек Қожахметов.

Биыл ҰБТ ережелерін бұзған түлектерге ақылы бөлімде білім алуға рұқсат берілмеуі керек. ҰАТО сарапшысы Асылбек Қожахметовтың пікірінше, ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды алып кірген түлектер жоғары оқу орнына түсу құқығынан толығымен айырылуы керек.

«ҰБТ-ға телефон алып кірген үміткерлерге ақылы түрде білім алуға мүмкіндік берілмеуі керек. Жекеменшік университет болсын, мемлекеттік университет болсын, ережелер бірдей болуы тиіс» дейді сарапшы, ҰБТМ-нің жоғары білім мәселелері бойынша бас кеңесшісі Асылбек Қожахметов.

«Жыл сайын талапкерлердің 90 пайызы әртүрлі құрылғыларды – сымсыз құлаққаптарды, телефондарды пайдалануға тырысады. Бұл өте ұят. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа шағымданушылар көп. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық ҰБТ-дан басталып тұр. Үлкен өмірге аяқ басқан жастар осылайша адалдықтан аттайды. Ертең жоғары оқу орны қабырғасында да жеңіл жол іздеп, пара беруі мүмкін. Осындай жолмен білім алып шыққан «мамандар» кейін ұстаздық етеді, мемлекеттік басқару, құқық қорғау органдарында жұмыс істейді», - дейді AlmaU президенті.

Асылбек Қожахметовтың айтуынша, ережені бұзу арқылы талапкерлер тек мемлекетті ғана емес, жақындарын да алдауды көздейді. Сарапшы батыс елдерінде мұндайға жол берілмейтінін атап өтті.

«Білім министрлігінің шешімі қолдауға тұрарлық. Ата-аналардың балаларына талап-тәртіпке сай өмір сүру қажет екенін үйреткені маңызды. Ал бізде керісінше, ережені бұзуға ата-аналардың өздері итермелейді. Содан кейін көздің жасын көл қылады, тәртіпті өзгертуді талап етеді. Егер біз жемқорлықсыз мемлекет орнатқымыз келсе, тәртіпке бағынуымыз керек, басқа жол жоқ», - деп атап өтті Қожахметов.

Еске сала кетейік, биылдан бастап ҰБТ ережелері қатаңдатылды. Енді сынақ тапсыру кезінде телефон, шпаргалка қолданған түлектердің тестілеу нәтижелері жойылады және мемлекеттік грантқа өтініш бере алмайды. Алайда, үміткер шекті балды жинаса, қаңтар айында өткен ҰБТ сертификатын қолдана отырып ақылы бөлімде оқуға мүмкіндік алады.

Дереккөз: Азаттық рухы




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.06.2020, 15:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30