Жаңалықтар

Ұланда 120-дан астам оқушы уланған

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Ұлан ауданы, Бозанбай ауылындағы мектепте 120-дан астам оқушы тамақтан уланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Мектеп оқушыларының жаппай улануына байланысты мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, зардап шеккен балалардың саны артқан. ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Қанат Тұрдиевтың айтуынша, 29 наурыздағы жағдай бойынша 14 жасқа дейін 93 бала, 28 жасөспірім және алты ересек адам уланған. Бұл 127 адамның 110-ы Бозанбай орта мектебінің оқушылары.

 

«Науқастардың дене қызуы көтерілген. Жүректері айнып, құсқан. Өскемендегі Ана мен бала орталығының жұқпалы аурулар бөліміне 62 бала жатқызылды. Қалғандарды үйлерінде дәрігер бақылауында», деді Қанат Тұрдиев.

 

Сондай-ақ, эпидемиологиялық тексеру барысында уланғандармен байланыста болған 383 адам анықталды. Олар да медициналық бақылауға алынды. Қазіргі уақытта департамент мамандары мен Ұлттық сараптама орталығы тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қылмыстық іс бойынша тамақ өнімдерінің сынамасы алынды. Мектеп карантинге жабылды.

 

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін де Бозанбайдағы мектепте оқушылар тамақтан уланған.

 

 

 

 




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.03.2021, 01:53

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31