Үлкенге құрмет– баршаға міндет

Үлкенге құрмет– баршаға міндет

Алматы қаласы, Жетісу ауданындағы "Белсенді ұзақ өмір сүру" орталығында қазан айын толық қамтыған "Қарттарым - асыл қазынам" атты жоспарлы айлық шаралары өз мәресіне жетті. Осы бір ай ішінде қарттардың қатысуымен, қарт адамдарға арналған кездесу, кеш, дәрістер, басқосулар өте әсерлі өтті.

Осы істің басы-қасында жүрген «Зиялылар» қоғамдық қоры Алматы қаласы, Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының нұсқауымен жұмысын 2019 жылдың қараша айынан бастап жүргізіп келеді. Мекен –жайымыз: Айнабұлақ ықшамауданы-2, Кемел ықшамауданы Мәдениет үйінде жұмысын атқаруда. БҰӨС Орталығында 2070 зейнеткер бүгінгі күнде тіркелген. 25 000 қызмет егде жастағы қарияларға көрсетілуде. Орталығымызда көрсетілетін барлық қызметтер тегін.

Жобаның басты мақсаты – қарттардың интелектуалды белсенділігін дамыту және ынталандыру сол арқылы олардың өмірлік белсенділігін арттыру; шығармашылық қабілеттілігін дамыту, жаңа білім мен тәжірбие алуға көмектесу. Сонымен қатар денсаулықтарын түзеу.

Жобаның негізгі қызметі:

• Әлеуметтік – медициналық сауықтыру шарасы;

• Әлеуметтік – психологиялық кеңестер;

• Әлеуметтік – еңбек: еңбекке баулу үйірмесі;

• Әлеуметтік - мәдени іс-шаралар ұйымдастыру

 

Орталықта келесі курстар жүргізіледі:

• Гериатор кеңесі;

• Психолог кеңесі;

• Заңгер кеңесі;

• Ағылшын тілі курсы;

• Қазақ тілі курсы;

• Компьютерлік сауаттылық курсы;

• Еңбекке баулу курсы; қазақ гимнастикасы «Айкуне»;

• Қытай гимнастикасы «У-Шу»

• Скандинавиялық жүріс;

• Емдік дене шынықтыру;

• Йога; Хореография; Фитотерапия

• Оттегі коктейлі;

Қазіргі күнге дейін тіркелген адам саны 2070. Күніне қызмет алушылар саны 150-180 адам. Жобаның жоғарыда көрсетілген негізгі қызмет түрлеріне сай әр сала бойынша курстар өту кестесіне сай орталықта жүргізіледі. Қарттар сағат 9:00-ден кешкі 17:00-ге дейін бос уақытын тиімді орталықта өткізе алады. Әрі денсаулығын түзесе әрі жаңа идеяға толы іс-әрекет жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Өмірлерінің көптен бір бөлігін еңбекке арнаған қарияларымызға бір сәтте зейнетке шығу және үйде отыру қиынға соғатыны бәрімізге мәлім. Сол себепті бос уақыттарын тиімді өткізсін деген мақсатта бұл жобанны қолға алып отырмыз. Зейнеткерлеріміз тек қызмет алып қана қоймай еңбекке баулу (еңбек терапия) сабағынан қолдарынан шыққан туындыларын , қол-өнерлерін инстаграм әлеуметтік желісі арқылы сатып, табыста таба алады. 10 шақты қызмет алушы зейнеткерлерімізді бапкер ретінде қабылдап жұмыспен қамтамасыз еттік.

Айта кететін жайт елімізді дүр сілкіндірген вирус бізді де бей-жай қалдырмады. Жұмысымызды және көптеген іс-шараларымызды тежегені рас. Вирусты жұқтыру қаупі егде жастағы азаматтарда жоғары болғандықтан көбіне онлайн форматта сабақтарымызды, кеңестерімізді тоқтатпауды қолға алдық және таза ауаға Алма-арасан шатқалы, Қаскелең демалыс орыны, Есік көлдері, Медеу спорт кешенінде (горельник) оқу-жаттығу сабақтарымыз жалғасын тапты.

Сонымен қатар қазан айы өте белсенді айлардың бірі болмақ.Алдағы уақытта Қарттар мейрамы есте қаларлықтай өткізу басты міндітіміздің бірі болып отыр. Жоспарымызда ауданымызда 100 жасқа келген қарияларымызды құттықтап, батасын алып, кішігірім сылығымызды тарту етсек деген ниетіміз бар. Жетісу ауданы Ардагерлер кеңесінің төрайымы Шакирова Тамара Мухтарханқызымен келісілген жоспар бойынша іс-шараларымызды қызықты әрі тиімді өткіземіз деген ойдамыз.

Бейнеттің зейнетін көретін жастарында қарттарымыздың әдемі өмір сүруіне денсаулықтарын нығайтуларына бірден бір септігі тисе деген игі ниетіміз бүгінде орындалып жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста