Жаңалықтар

Ұлы даланың ұлы есімдері

  • Ұлы даланың ұлы есімдері

    Ұлы даланың ұлы есімдері

Ұлы адам, ұлы халық, ұлы дала... «Ұлы» сөзі мен «қазақ» сөзі санамызда жаңғырып сақталып қалған. «Ұлы» деп аталуымыз кімнің арқасы? Әрине, ол ұлы бабаларымыз бен даналарымыздың арқасы, сол азаматтардың даламызды ұлы еткендігінің арқасы. Осы арыстай азаматтардың ерен еңбектерін еске ала отырып, таяуда Әл -фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінде  факультет ішілік шағын жиын ұйымдастырылды.


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Филология және әлем тілдері факультетінің екі шет тілі мамандығының 1-курс студенттері т.ғ.к., профессор Қозыбақова Фатима Ақынбаевнаның жетекшілігімен «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты ғылыми конференция өткізді. Осындай тарихы терең мазмұндамаларға бой түзеткен, ғылыми бастамаларға жол көрсеткен оқытушы Фатима Ақынбаевна ханымға студенттері алғыс білдіреді. 


 Кең байтақ қазақ жерінен қаншама «Ұлы адамдар» шықты. Қазақ халқының маңдайына біткен ұлы тұлғалар көп болған. Солардың ішінде атап айтатыны: қазақ хандығының негізін салушы Керей мен Жәнібек, үш жүздің басын қосқан Абылай хан, қазақтың соңғы ханы Кенесары, қазаққа хат танытқан Ыбырай, алты алаштың қамы үшін күрескен Әлихан, қан кешіп өз елін қорғаған Бауыржан, әділ басшы болуды үлгі етіп көрсете білген Қонаев сияқты кемеңгерлерді тізіп айтар

болсақ, таң шұғыласын жанарымызбен көреміз, бұл қуантарлық дүние. Міне, біз осындай қазақтың маңдайына біткен бақ құстарын «ұлы адам» деп басымызды тік көтеріп толықтай айтуға құқылымыз. Қазақстан Республикасының алғашқы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында да ұлтымыздың ұлыларын ұлықтауға ерекше мән берген.

«Ұлы деп отырғанымыз кімдер? «Ұлы» деген дәрежеге жеткізген қай еңбектері болды екен? Керей мен Жәнібек сұлтандар 1465-1466 жылдары көшпелі халықтың басын қосып, Батыс Жетісу жерінде хандықтың негізін қалаған. Қазақ халқының шекарасын қалыптастырып, оны кеңейтуге тер төккен. «Ұлыдан ұлы туса игі» демекші, тақ Жәнібек ханның тұңғышы Қасым ханға бұйырды. Қасым хан өз кезегінде хандыққа қуаттылық ұғымын саналарына құйдыртты. Аталарының жолын жалғастырып шекараны кеңейте түсті. «Бөлінбе жүзге, қазағым! Өзгенің  алып мазағын!» деп үндеп кеткен Абылай хан, сөзін ісімен дәлелдей білген, бас басына би болған үш жүздің басын қосқан нағыз «ұлы» азамат. Абылай хан қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін екі жақты саясат жүргізді. Осы ұстанымдарды біріктіре біліп, Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтап қалу үшін, қара қазан сары бала қамы үшін ғаріп басынан айрылған соңғы ханымыз Қасымның Кенесарысы болатын. Кенесары бастаған 10 жылға созылған патшалық Ресейге қарсы ұлтазаттық көтерілістің кезеңінде есімі аталмай кеткен ұлыларымыз қаншама. Ол 1847 жылы 32 сұлтанмен бірге Кекілік Сеңгірде қырғыз манаптарының қолынан қаза табады. 1835 жылдың күз маусымының қарашасында «Ұлы» ғалым Шоқан Уалиханов

дүние есігін ашады. Шоқанның «ұлы» ғалым атану жолында жасаған еңбегі орасан зор. 1857 жылы Алатау қырғыздарына сапар жасап, Гиннесс рекордтар кітабына көлемі жағынан енген әлемге әйгілі «Манас» жырын қағазға түсіреді. 1858-1859 жылдары Шоқан өзін әлемге әйгілі еткен Қашқар саяхатын жасады. Қазақ баласын партаға отырғызып, қолына қалам ұстатқан «ұлы» ұстаз Ыбырай Алтынсарин болатын. Қазақ баласы үшін аянбай еңбек етіп, ұлт болашағы үшін «Қырғыз хрестоматиясы», «Қырғыздарды орыс тілінде үйретуге негізгі басшылық» атты оқу құралдарын жазып шықты. Ыбыраймен замандас болған ұлылардың ұлысы Абай Құнанбайұлын атап өтпесімізге хақымыз бар ма біздің? 45 қара сөзімен төрткіл дүниежүзіне ұлы болған Абай – дана Абай, дара Абай. ХХ ғасырдың басында шоқ жұлдыздай жанып қасына сенімді серіктестерін жинап көш басына Әлихан Бөкейханұлы шықты. Әлихан Бөкейханұлы Алаш партиясын құрып қазақтың жеке дербес мемелекет болуын көздеді. Сонымен қатар патшалық Ресейдің ішкі және сыртқы саясатына араласты. Және де осы уақытта өмір сүрген қазақтың біртуар «ұлы» тұлғасы Мұстафа Шоқай жайлы

айтпай кету айып болмақ. Мұстафа Шоқай Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамау негізінде бой көтерген Түркістан автономиясын құрады. Алаш Орда өкіметімен бірігіп, ұлтымыздың жағдайын түзеуді жанына

міндет етіп қараған бірден-бірегей «ұлы» тұлғамыз Мұстафа Шоқай еді. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығына қарсы атқа мініп, жастарды тыл азабынан қорғап қалған батыр бабаларымызды «Ұлы тұлға» деп айтпасқа болмас.

Олар 61 жаста атқа мінген Ұзақ Саурықов, 78 жастағы Жәмеңке Мәмбетов сынды бабаларым Жетісу жастарына араша болса, Торғай жастарын Амангелді Иманов, Кейкі батырлар қорғап қалды. Біраз жыл өте келе 1941-1945 жылдары Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Сағадат Нұрмағамбетовтер соғыс алаңында қазақ жерін ғана емес, одақтас 15 республика жерін жаудан арашалап қалды. 1986 жылы қақаған қыста Орталық Комитеттің шешіміне қарсы, желтоқсанның 16-18 жұлдызында жалынды жастар қазыл алаңға шығып, елді

есеңгіреткен «Желтоқсан» оқиғасын бастан кешірді. Ел есінде өшпес қызмет атқарып кеткен азамат-азаматшаларымыз баршылық: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асановалар, Т.Тәшенов, К. Күзембаев, Е.Сыпатаев және т.б. 86-ншы жылдың

желтоқсанының ызғарына ұшыраған бұл жандар қасқалдақтың қаны, бозторғайдың жаны қалғанша демдерін үзбеген «ұлылар». Міне, бұл атап айтқан тұлғалардың бәріне «Ұлы даланың ұлы есімдері» деген атақты қосып айту әр қазақ үшін үлкен мақтаныш, міндет. Бұл ұлы жандардың халқымыз үшін істеген істері орасан зор. Халық жадында сан ғасырға сақталар еңбектері ауыздан ауызға аңыз болып жете бермек. Жоғарыдағы бабааналарымыздың жолын ұлы даламның жастары дұрыс ұстана білсе, нұр үстіне нұр болар еді.




Әл -фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

филология және әлем тілдері факультеті

екі шет тілі мамандығы

1 курс 103 топ студенттері.

Жетекшісі: Қозыбақова Ф.А




Көрілген: 769    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.04.2019, 16:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31