Жаңалықтар

Ұлыбританиядағы онлайн байқауда атыраулық жас ұстаз үздіктер қатарынан көрінді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Атырау облысының Құрманғазы ауданында тұратын жас ұстаз Ұлдана Наурызғалиева Британдық кеңес ұйымдастырған бастауыш және орта сынып оқушыларына арналған «Ағылшын тілінен үздік видео сабақ» онлайн байқауына қатысып, үздік 30 мұғалімнің қатарына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Ұлдан Наурызғалиева Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген. Еңбек жолын үш жыл бұрын бастаған. Қазір Құрманғазы ауданында орналасқан Абай атындағы орта мектепте ағылшын тілі пәнінен дәріс береді.

 

Ол Ұлыбританиядағы Уорик университетінің қолданбалы лингвистика орталығының директоры Пенни Мосавианның кіріспе вебинарларына қатысқан.

 

«Бұл вебинарлар мұғалімдерге видео сабақ жасаудың түрлі қағидасын, әдістері мен құралдарын меңгеруге көмектеседі. Одан кейін мектеп оқушылары үшін ағылшын тілінің лексикасы немесе грамматикасы туралы видео сабақ әзірлеу бойынша тапсырмалар берілді. Мен жалпы білім беретін мектептің 11- сыныбына арналған грамматикалық «Question tags» тақырыбын таңдадым» -дейді Ұлдана Наурызғалиева.

 

Оның айтуынша, бұл байқау Британдық кеңестің онлайн-ресурстарын пайдаланып, бейне сабақ топтамасын жасауға, оқушыларды қашықтан оқытуда қолдауға негізделген. Әр вебинардың уақытын, ұйымдастырылуын Британдық кеңестің жоба менеджері Ардақ Бектұрова қамтамасыз еткен. Мұғалімдерге арналған инновациялық жобада жеке және практикалық жұмыстарда видеоны жақсарту үшін кеңестер берілген. Кейін жобаны жүзеге асырушылар ұсынған тақырып аясында қайтадан бейне сабақ түсіріп, бағалауға жібереді екен.

 

Британдық кеңестің онлайн-байқауына қазақстандық 200 ұстаз қатысқан. Ал атыраулық жас ұстаз Ұлдана Наурызғалиева солардың арасынан үздік деп танылған 30 мұғалімнің қатарына еніп отыр.

 




Көрілген: 477    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.10.2020, 18:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31