Жаңалықтар

"Үміт үзбеңіздер": Аймағамбетов мектеп бітіру кешіне қатысты пікір білдірді

  • Көрнекі сурет. https://jasqazaq.kz/

    Көрнекі сурет. https://jasqazaq.kz/

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештеріне қатысты пікір білдірді. Ол еліміздегі эпидемиологиялық жағдай жақсарса, мектеппен қоштасу шаралары өтуі мүмкін екенін алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Асхат Аймағамбетов өткен жылдары мектептердегі соңғы қоңырау дәстүрлі түрде 25 мамыр күні болғанын хабарлады.

Алайда, биыл коронавирус пандемиясы салдарынан оқушылар соңғы тоқсанды қашықтықтан оқуға мәжбүр болып отыр.

 

Бұл тұрғыда балалар білімін бағалау тәртібі де жаңадан қарастырылды. 9 бен 11 сынып оқушыларының ақтық емтихандары өтпейтін болды. Осы жылы аттестатқа жылдық бағалар қойылады деп шешілді.

 

Сонымен қатар, биыл мектеп бітіру кештерінің болмайтыны барша оқушылардың көңілін түсіргені анық. Білім және ғылым министрі балалардың сезімін түсініп тұрғанын жеткізді.

 

«Мектеппен қоштасу рәсімінен бәріміз өткенбіз. Бұл әрбір оқушы үшін аса әсерлі сәт», - деді ол.

 

Министр маусым ортасына дейін еліміздегі эпидемиологиялық жағдай жақсарып, карантин алынса оқушыларға мектебі мен ұстаздарымен қоштасу мүмкіндігі берілетінін мәлімдеді. Бұл жағдайда бірден бірнеше шара біріктірілетін болады. Оның ішіне соңғы қоңырау, аттестаттарды табыстау, мектеппен қоштасу, мектеп вальсі де кірмек.

 

"Үміт ізбеңіздер" , - деді Аймағамбетов.

 




Көрілген: 1712    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.04.2020, 11:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30