Жаңалықтар

Университет символы, кіші сәулеттік кешеннің салтанатты ашылуы

  • Ашылу салтанаты

    Ашылу салтанаты

Халықаралық білім беру корпорациясына қарасты Қазақ-Америка университетінің құрылған күніне орай университет символы, кіші сәулеттік кешеннің бүгін салтанатты ашылуы болды.


ХБК вице президенті Динара Әбеуқызы Адилова және ХБК ректоры Ерік Тұрашұлы Бисембаев кіші сәулеттік ҚАУ символының механизмін іске қосып лентасын кесті. ҚАУ символының авторы Эскандер Мүслімұлы Байтенов және осы шығармашылық символдың жасалуына үлес қосқан Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының профессорлары құттықтау сөз сөйледі.



1997 жылы Қазақ-Америка университетінің президенті Құсайынов Әмірлан Айдарбекұлы америкалық және қазақстандық білім беру бағдарламаларының синтезі негізінде елімізде осы білім ордасын ашып, негізін қалаған болатын. ҚАУ символы Әмірлан Айдарбекұлының идеясымен жасалған мерекелік тарту еді.


Бүгінде Қазақ-Америка университеті, мамандарды даярлауда және оқытудың сапалы жоғары деңгейіне жету мақсатында, қазіргі талаптарға жауап беретін оқу үрдісінің мазмұнына, жоғары оқу орнының құрылымына, инновациялық сипаттағы жаңалықтарды енгізуде алдыңғы қатарда. Университет пен халықаралық ұйымдар (IREX, ACCELS, USIS, British Council, шетелдік білім беру мекемелерімен — университет, колледж, мектептермен) тұрақты қатынастар орнатқан.



22 жасқа толып отырған Қазақ-Америка университеті үздіксіз дамуды көздейді. Жиырма екі жас деген -жалынды жас дәурен. Сондықтан бұл- білім ордасының үлкен елдік мұраттар жолында аянбай қызмет атқаратын ең бір қайратты, ең серпінді шағы дер едік.


Дүрия Даниярова

ХБК ассоциацияланған профессоры


 




Көрілген: 685    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.09.2019, 10:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қараша, 02:44
    Біз жастарға сенеміз
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31