Жаңалықтар

Университеттер жалған ғылыми мақалаларды шығаруға қыруар қаржы жұмсайды

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

"ADAL BILIM" жобалық кеңсесі университеттер мен ғылыми институттардың бюджет қаражатын тиімсіз жұмсап жатқанын анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Жоба жетекшісі Сергей Пеннің айтуынша, кеңсе мамандары QS сияқты жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингілеріне аудит жасауға кіріскен. Осы жұмыс барысында отандық университеттердің өз көрсеткішін жақсарту үшін заңсыз әрекеттерге баратыны анықталған. Соған бюджеттің біраз қаржысы жұмсалады.


"Біз көптеген университет бойынша мемлекеттік сатып алулар порталын зерделеп шықтық. Сонда делдал компаниялардың қызметі бюджет ақшасынан төленетінін анықтадық. Аталған компаниялар ғылыми мақалаларды рейтингтік журналдарға шығарумен айналысады. Бұл – фейк мақалалар", - деді Пен астанада өткен баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, жарамсыз мақалаларды шетелдік журналдарға шығару үшін миллиондаған қаржы жұмсалады.


"Осылайша, ондай мақалалар Scopus пен Thomson Reuters-тің индексациясына түседі. Ал Қазақстанға ондай имидждің қажеті жоқ", - деп толықтырды жоба жетекшісі.


Бұдан бөлек, жобалық кеңсе білім және ғылым министрлігіне қарасты квазимемлекеттік салаға тексеріс жасауды бастады. Соның ішінде сан алуан акционерлік қоғамдар, республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен ғылыми-зерттеу институттары бар.


"Біз олардың тиімділігін бағалап жатырмыз. Осы жұмыстың нәтижесі де жоқ емес. Мәселен, бір ғылыми институт бір жылдың ішінде үш-ақ мақала шығарған. Соның екеуі – плагиат. Бұл – үлкен проблема. 20 адам жұмыс істейтін институт үшін бір жылда үш-ақ ғылыми мақала шығару тым аз ғой. Осындай ондаған мекеме бар. Оларға ақша миллиардтап бөлінеді", - деп атап көрсетті Пен.


 




Көрілген: 675    Пікірлер: 0

жұма, 19.07.2019, 10:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қараша, 02:44
    Біз жастарға сенеміз
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31