Жаңалықтар

Үш өңірде ұстаздардан қашықтан сабақ өткені туралы есеп талап еткен басшылар жазаланды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

IV тоқсан басталғалы ҚР Білім және ғылым министрлігінің call-орталығына 97 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды   ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.

 

Оның ішінде министрдің қашықтан оқыту бойынша есеп беруді талап етпеу жөніндегі бұйрығының мектеп әкімшілігі немесе білім беру бөлімдері тарабынан бұзылғандығы туралы педагогтердің шағымдары да бар.

 

«Барлық шағымдар қаралды. Кейбір жағдайларда бұйрықты бұзу фактілері расталды. Бүгінгі күні педагогтерден қашықтан оқыту бойынша есеп беруді талап еткені үшін (видеофрагменттер, скриншоттар мен фото) Алматы облысында мектеп директоры, Қарағанды облысында білім бөлімінің қызметкері және Ақтөбе облысында әдістемелік кабинеттің меңгерушісі жазаланды» делінген хабарламада.

 

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрінің «COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде оқу процесін қашықтан оқыту технологияларына көшіру кезінде білім сапасын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар туралы» бұйрығына сәйкес педагогтерден қашықтан оқыту бойынша есеп беруді талап етуге болмайды. Бұл мәселе Білім және ғылым министрлігінің ерекше бақылауында.

 




Көрілген: 1568    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.04.2020, 13:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30