«Үшарал - Достық» тас жолы ауа райына байланысты жабылды

17 желтоқсан 2021, 15:52

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – «Үшарал - Достық» тас жолы (84-184 шақырым, Көктума ауылы - Достық ауылы) ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық көлік түрлері үшін жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық бөлімшесінің мәліметінше, 17 желтоқсанда сағат 11:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Үшарал - Достық» тасжолы (84-184 шақырым, Көктума ауылы - Достық ауылы) жабылды», - делінген ведомствоның хабарламасында. Алматы облыстық ТЖД азаматтардың осы бағытқа жолға шықпауын және 112 қызметінің хабарламасына назар аударуды сұрайды. Алыс жолға шыққанда ауа райымен танысып, экстремалды жағдайда қажет болатын заттарды алған жөн.