Жаңалықтар

Ұстаз мерейі

  • Ұстаз мерейі

    Ұстаз мерейі

Қарашаңырақтағы шығыстану факультетінің ұжымы шығыстанушы, лингвист, филология ғылымының докторы Баян Жұбатованың 60 жылдық мерейтойын атап өтті.

Баян Нұрсұлтанқызы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің араб бөлімін 1985 жылы бітірген. Университетті аяқтаған соң, еңбек жолын Қазақстан Орталық музейінде ғылыми қызметкер ретінде бастады (1985-89 жж.). 1990 жылдан бастап, бүгінге дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қызмет атқарып келеді. Университеттегі педагогикалық қызметін филология факультетінің Практикалық қазақ тілі кафедрасынан бастады, кейін осы  шығыстану факультетіндегі Араб филологиясы кафедрасына ауысты.

1995 жылы Марокко Корольдігіндегі Мауләй Исмаил, 2004, 2008, 2020 жылдары Египет Араб Республикасындағы Каир университеттерінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттыру тағылымдамаларынан өтті.

1990 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, шығыстану факультеті деканының орынбасары, Арабтану  кафедрасының меңгерушісі, шығыстану факультетінің деканы қызметтерін атқарды.

Ұстаздың ғылыми жұмыс тәжірибесі –  30 жыл: «Қазақ қисса-дастандарындағы араб, парсылық кірме сөздері» (2001 ж., ғылыми жетекшісі – акад. Р.Сыздық) деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын, ал докторлық диссертациясын «Қазақ тіліндегі араб, парсылық кірме фразеологизмдер» тақырыбында (2010 ж., ғылыми кеңесшісі – Р.Сыздық) қорғаған. Соңғы 20 жыл көлемінде қазақ тіліндегі араб, парсы тілдерінен енген кірме лексикалық бірліктер, лингвистикадағы кірме сөз мәселесімен, араб, парсы және қазақ мәдени-тілдік байланыстары, орта ғасырлардағы араб жазуындағы түркі жазба ескерткіштерінің тілін зерттеумен айналысып келеді; үш  ғылыми монографияның, 80 ғылыми мақаланың авторы, лингвистика саласында, мәдени-тілдік байланыстар мәселелері бойынша маман, 2012-14 жылдарға арналған «Түркі әлемі мен шығыс: мәдени-тілдік қарым-қатынастар (диахрондық қыры)» атты ғылыми жобаға (гранттық қаржыландыру) жетекшілік етті. Жоба нәтижесі 2014 жылы «Түркі әлемінің шығыс елдерімен мәдени-тілдік байланысы (араб, парсы және үнді тілдеріндегі түркизмдер)» тақырыбындағы монография түрінде жарық көрді. 1997-98 жылдары А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Қазақ әдеби тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігі» жобасына қатысты.  ҚР БҒМ ҒК грантымен «Мысыр мәдениетіндегі түркілік қабат» атты ғылыми жобаға жетекшілік етті (2018-20);

Ғылыми жұмыспен қатар, шәкірт ілестірген ғалым 4 PhD жұмысына жетекшілік етіп, оларды ғылым жолына баули білді.

2012 жылы ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері атанды. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Рәбиға Сыздық апамыздың «60 жастан ары қарай ғылым жолы жандана түседі» дегенін арқау етіп, әлі де тың еңбек ететініңізге Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұжымы сенімді.

 

Дина КӨПТІЛЕУОВА,

филология ғылымының кандидаты, доцент

 




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

сенбі, 23.10.2021, 00:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31