Жаңалықтар

Ұстаздар Президент Жолдауын талқылады

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

2020 жылы қыркүйектің 2 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында дағдарыстан кейінгі ел дамуының мәселелеріне арналған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауындағы негізгі қағидаларын талқылауға арналған профессор-оқытушылар құрамының отырысы бейнеконференция режимінде өтті.

 

Кафедра ұжымы Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған жаңа жолдауын жылы қабылдап, ел өміріне серпіліс беретін жағымды жаңалықтарға куә болып, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырып, халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған жолдауы туралы кеңінен əңгіме өрбітіп, өз пікірлерін ортаға салды. Әсіресе, көпшіліктің көкейінде жүрген ұстаз мәртебесінің артуы, жалақының өсуі, жастарға деген мемлекеттік қамқорлық секілді мәселелер қызу талқыланды.

 

Алдымен кафедраның аға оқытушысы Т.В. Курманова бұл жолдауда өткенді саралай отырып, болашаққа баянды істермен қадам басу керек екендігі нақты көрсетілгенін атап өтіп, ел дамуына ерекше серпін беретін бұл бағдарламалық құжаттың маңыздылығына тоқтала отырып, Жолдауда айтылған негізгі бағыттары мен Мемлекет басшысының үкімет пен мемлекеттік органдардың алдына қойған тапсырмалары туралы хабарлап кеңінен түсіндірді.

 

Одан кейін Елбасының биылғы Жолдауын насихаттау бағытында филология ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Р. Игнатова баяндама жасады. Ол биылғы Жолдаудың ерекшелігіне тоқтала отырып, Жолдаудың негізгі бағыттары елдің даму стратегиясына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруға бағытталғанын, сонымен қатар, білім беру сапасын жақсартуға аса мән берілгенін, бірыңғай білім беру платформасының құрылатынын, келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысының өсетіндігін, "Жас ғалым" жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1 мың грант бөлінетінін айтып, Президенттің білім беру сапасын жақсартуға жете мән беруі жөнінде атай отырып, осы жолдаудағы міндеттерді орындау ҚР-ның экономикалық, индустриялық және рухани дамуына үлкен септігін тигізетінін жеткізді.

 

Бұдан бөлек, жиын барысында сөз сөйлеушілер жолдауда көрсетілген міндеттер бойынша өз ойларын ортаға салды, сондай-ақ, оның қарапайым халық үшін тиімді жақтарына тоқтала отырып, Президент Жолдауында айтылып кеткен міндеттер мен мақсаттарды ойдағыдай жүзеге асыру, сонымен бірге үлкен жауапкершілік жүктеу екенін де сөзге тиек етті.
Шара соңында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы айтылған бағыттардың әрқайсысы аса маңызды болып табылатыны жайлы, Президенттің Жолдауында еліміздің азаматтарына ой саларлықтай біраз ойлар айтылғаны туралы өз ой-пікірлерімен бөлісе отырып, Президент Жолдауын насихаттап, білім мазмұнын жаңарту бойынша жасалып жатқан реформаларға қолдау көрсететінін жеткізді. Кафедра ұжымы Президентіміздің Жолдауына қолдау білдіріп, өзекті мəселелер ұтымды шешімін тауып, алдағы уақытта ел игілігі үшін оң өзгерістер болатынына сенім білдіріп, Президентіміздің бастамалары мен идеяларын қолдайтынын және Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосатынын жеткізді.

 

Саденова А.Е.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
ЖОО дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі

 




Көрілген: 703    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.09.2020, 17:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31