Жаңалықтар

Ұстаздарға тиесілі қаражат дұрыс төленбей жатыр

  • https://bykm.ru/

    https://bykm.ru/

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы №42 мектептің мұғалімдеріне еңбек демалысына шыққанда берілетін ақша толық көлемде төленбей келген.

 

Жалақы өссе де, ұстаздар 2 жыл бойы өздеріне тиесілі қаржыны тек бұрынғы еңбекақының мөлшерінде ғана алып отырған.

 

Ақыры салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы есесі кеткен педагогтарға жалпы құны 190 млн-дай теңгені өндіріп берді.

 

Қызылорда өңірінде ғана емес, мұндай заңсыздық Батыс Қазақстанда да анықталды. Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы мектепалды даярлық тобының 14 тәрбиешісі ақыларының толық төленбегенін айтып облыстық кәсіподақтан көмек сұрапты. Педагогтарға жалақы аптасына 24 емес, 16-17 сағатпен есептелген. Заңсыздықты білім басқармасы мойындаған.

 

Гүлжанат Құрманғазиева, облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының заңгері:

 

&ndash Нәтижесінде Теректі аудандық мектепалды даярлық тобының тәрбиешілеріне 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қайта есептеліп, барлығы 10 738 881 теңге қайтарылды.

 

Бұл &ndash бір ғана мысал. Ал елде мұндай жағдай көп. Тек жалақы емес, еңбек демалысына шыққанда да ұстаздарға қаражат толық көлемде төлене бермейді.

 

Айгүл Мұқашева, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы:

 

&ndash Көптеген жерде жұмыс берушілер педагогтерге сауықтыру жәрдемақысын тек қана бір мөлшерлемеге, яғни 18 сағатқа төлейді екен. Педагогтердің 18 сағаттан басқа да мөлшерлемесі бар ғой. Мысалы, педагог жетіспесе, мектепке немесе балабақшада біздің педагогтар 1,5-2 мөлшерлемеге дейін алады. Ал енді еңбек демалысына келгенде сауықтыру жәрдемақысын тек қана 1 мөлшерлемеге төлейді екен. Ал Еңбек кодексі бойынша толық оқу жүктемесіне төленуі керек.

 

Тұтас ел бойынша І жартыжылдықта салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы мұғалімдерге 653 млн теңгеден аса қаржы өндіріп берген. Тек алғашқы алты айдың өзінде кәсіподақ өкілдері білім беру саласында 1000-нан аса заңбұзушылықты анықтады.

 

Айгүл Мұқашева, қазақстандық Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы:

 

&ndash 1093 заңбұзушылық анықтадық. Осы заңбұзушылықтардың ішінде ең көп орын алатын деректер: ұстаздарға жалақыларын дұрыс есептеп төлемеу, заңсыз жұмыстан шығару. Мұғалімдерді қызметінен заңсыз босатайын деп тұрған біз, кәсіподақ өкілдері, араласып, осындай заңбұзушылыққа жол бермейміз.

 

Төрайымның сөзіне тұздық. 6 айда 54 педагог жұмыстан заңсыз шығарылған. Бірақ бәрі қызметіне қайтарылды. Ал жұмысынан айырылып қалайын деп тұрған тағы 90-нан аса ұстазға кәсіподақ араша түскен.

 

 

24.kz




Көрілген: 411    Пікірлер: 0

сенбі, 28.11.2020, 17:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 18:48
    Мен жаңашыл ұстазбын
    20 Желтоқсан 2020
    Менің ұстазым...
    14 Желтоқсан 2020
    Тәуелсіздік туралы эссе

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31