Жаңалықтар

Үздік оқытушыға 6 млн теңге

  • https://www.meme-arsenal.com/

    https://www.meme-arsenal.com/

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» республикалық байқауының жеңімпазы 6 миллион теңге шамасында сыйақы алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Байқауға қатысуға арналған құжаттар 1-15 қараша аралығында қабылданады.

 

Ведомствоның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев байқауға жоғары оқу орындарының штаттағы оқытушылары қатыса алатынын айтты.

 

Олардың үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде 5 жыл болып, оқытушылық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері болуға тиіс.

 

Конкурс 2 кезеңнен тұрады. Алдымен әрбір жоғары оқу орнының ішінде, кейін республикалық деңгейде өтеді.

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар министрліктің universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрон форматта қабылданады. Жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамынан тұратын сарапшылар тобы келіп түскен барлық құжатты тексереді. Сараптау тобының қорытындысы негізінде ЖОО комиссиясы конкурсқа қатысушылардың екінші республикалық кезеңге қатысуы туралы шешім шығарады. Республикалық деңгейде құрылған комиссия құрамына ҮЕҰ, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдарының, ЖОО қауымдастықтарының өкілдері мен сарапшылары кіреді, – деді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

 

 «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары ақшалай ынталандырумен қатар төсбелгіге де ие болады. Байқау ақпараттық жүйе базасында өтеді, яғни конкурсқа қатысушылар барлық кезеңнің ашық өтуін бақылай алады.

 

 

 

 

 




Көрілген: 524    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.10.2021, 00:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31