Жаңалықтар

Үздік студенттерге Бейсен Құранбек атындағы стипендия табысталды

  • Фото: ғаламтордан

    Фото: ғаламтордан

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің журналистика кафедрасының үш үздік студентіне талантты журналист Бейсен Құранбек атындағы стипендия салтанатты түрде табысталды деп жазады nege.kz тілшісі.

 

Түркістан, NEGE. Стипендияны Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай тапсырды.

 

Шараға Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры Жанар Темірбекова, елімізге танымал тележурналист Әбдез Рахманұлы және бір топ облыстық мәслихат депуттатары мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Іс-шарада сөз алған оқу орнының жаңа басшысы Жанар Амангелдіқызы озат студенттерге қолдау білдіріп, шабыт сыйлаған одақ төрағасына шынайы алғысын білдірді.

 

Сондай-ақ ол алдағы уақытта облыстық журналистер одағымен бірге ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүдделі екенін жеткізді.

 

Өз кезегінде сөз алған Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай марқұм Бейсен Құранбек туралы кеңінен сөз қозғап, оның қазақ журналистикасына қосқан үлесін тілге тиек етті.

 

 «Талантты журналист Бейсен Құранбекпен бір группада білім алдық. Дос болдық. Бейсен еңбек жолын спорт газетінен бастап, барлық сатылардан өткен өте тәжірибелі нағыз журналист еді. Оның қазақ журналистикасына қосқан үлесі орасан. Бір ғана «Айтуға оңай», «Қаракет» сынды ток-шоулары елдің ыстық ықыласына бөлінді. Алайда Бейсеннің ғұмыры тым қысқа болды. Алланың бұйрығы шығар. Ендеше бүгінгі Бейсен атындағы степендияны иеленіп отырған іні-қарындастарымызға досымыздың ғұмырын емес, тағдырын емес, талантын, еңбексүйгіштігін, адалдығын берсін деп тілейміз», - деді Ғалымжан Қамытбекұлы. 

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 311    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.03.2021, 18:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31