Жаңалықтар

Вакцина алмаған ұстаздардың еңбекақысының 50 процентке қысқаратыны рас па?

  • https://atorcenter.ru/

    https://atorcenter.ru/

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцина салдырмайтын мұғалімдердің жалақысы қысқара ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Вакцина алмаған ұстаздарға жаңа оқу жылында еңбекақысының 50 проценті ғана төленеді дейді. Осыны растайсыз ба?", - деп сұрады тұрғындардың бірі министрдің халыққа есеп беру кездесуінде.

 

Министр вакцина алу әр азаматтың өз еркі екенін атап өтті.

 

"Дегенмен біз мектептерді ашамыз десек, өз-өзімізді, жақындарымызды, балаларымызды осы індеттен сақтаймыз десек, онда әрине, басқаларға үлгі көрсетіп, ең бірінші болып вакцина салдыруымыз керек. Ал жаңағыдай вакцина алмағандарды жұмыстан шығарып жібереді немесе тағы басқа деген мәселелердің қайдан шыққан ақпарат екенін мен білмеймін", - деді Аймағамбетов.

 

Қазақстанда вакциналау науқаны биыл 1 ақпанда басталды. Бүгінде азаматтар отандық QazVac, ресейлік Спутник V және қытайлық вакцина арасында таңдау жасай алады.

 

 

 

 

 




Көрілген: 3934    Пікірлер: 0

сенбі, 29.05.2021, 10:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31