Жаңалықтар

Вице-министр мектептегі 5 күндік жұмыс аптасы туралы: Жыл соңына дейін шешіледі

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстан мектептерін 5 күндік жұмыс аптасына ауыстыру мәселесі жыл соңына дейін шешіледі, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.


Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова Қазмедиа орталығында өткен пленарлық отырыста мәлімдеді.


«Қазіргі уақытта ұстаздар қауымын 5 күндік жұмыс аптасы алаңдатып отыр. Бұған дейін БАҚ-та Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің сөзі жарияланды. Онда министрлік әрбір мектептің педагогикалық кеңесте типтік оқу жоспарын, сыныптар санын ескере отырып, 5 күндік жұмыс аптасына ауысуды ұсынады. Мұнда өзге шешімнің қажеті жоқ, егер мектеп бескүндікке ауысса, сенбі күнін мұғалім қалауынша өткізер еді. Немесе мектеп әкімшілігі айына бір рет әдістемелік жиын өткізе алады. Сондықтан, бұл бес күндік жұмыс аптасы мәселесі жыл соңына дейін шешіледі деп ойлаймыз. Бұл - мұғалімдер тарапынан ең жиі қойылатын сұрақ, сондықтан мектеп әкімшіліктеріне осы мәселені қолға алуды өтінеміз. Оның үстіне, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді кәсібінен тыс жұмысқа салмауды тапсырды», - деді Фатима Жақыпова.


1


 




Көрілген: 776    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.08.2019, 15:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30