WhatsApp ескі смартфондарда жұмысын тоқтатпақ

22 мамыр 2022, 23:04

WhatsApp әзірлеу тобы iOS 10 және iOS 11 жүйелерінде жұмыс істейтін iPhone телефондарына қолдау көрсетуді тоқтатуды жоспарлап отыр.

WABetaInfo ресурсы мәліметінше, iOS 10 және iOS 11 нұсқалары бар құрылғыларды қолдау ағымдағы жылдың 24 қазанынан бастап тоқтатылады. Бұл болжамды WhatsApp веб-сайтындағы ЖҚС бөлімінде iOS 12 операциялық жүйесінің нұсқасы минималды талап етілетін сипаттамалар ретінде көрсетілгені де растайды.

Операциялық жүйені жаңартқанда, WhatsApp iPhone 5S, iPhone 6 және iPhone 6S телефондарында жұмысын жалғастырады, бірақ iPhone 5 және iPhone 5C құрылғыларында тоқтатылады.

aikyn.kz