Жаңалықтар

ЮНИСЕФ Қазақстанға қыркүйекте бүкіл мектепті ашуға кеңес берді

  • ЮНИСЕФ Қазақстанға қыркүйекте бүкіл мектепті ашуға кеңес берді

    ЮНИСЕФ Қазақстанға қыркүйекте бүкіл мектепті ашуға кеңес берді

Пандемия кезінде әлемде әрбір үшінші оқушы немесе 463 миллион бала қашықтан білім ала алмады. БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен бірінші қыркүйекте барлық оқушы дәстүрлі форматқа оралуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"ЮНИСЕФ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жаңа оқу жылында бүкіл мектепті ашуға кеңес береді. Мектептер ең соңғы болып жабылып, ең бірінші болып ашылуға тиіс. Пандемия кезінде мектептердің жабылуы салдарынан әлемде әрбір үшінші оқушы немесе 463 миллион бала қашықтан білім ала алмады. Олардың қатарында қазақстандық оқушылар да бар", - деді Дизен үкімет отырысында.

Айтуынша, білім министрлігі осы салдарды барынша жою үшін шұғыл шара қабылдау қажеттігін мойындап отыр.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігі білім алуда жіберілген олқылықтарды анықтау үшін мониторинг жүргізуді ұсынды. Оның нәтижесі бойынша әрбір оқушыға жеке көңіл бөліп, білімді толықтыру бойынша бағдарламалар әзірлеп, сынақтан өткізуге кеңес берді.

"ЮНИСЕФ мұндай бағдарламаларды дайындауға және тестілеуге көмек көрсетуге дайын", - деді ол.

Бұған дейін білім министрі Асхат Аймағамбетов жаңа 2021/2022 оқу жылында оқушылардың мектепке оралуы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болатынын мәлімдеді.




Көрілген: 435    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.06.2021, 11:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31