Жаңалықтар

«Ізгілік іздеп келеміз»

  • «Ізгілік іздеп келеміз»

    «Ізгілік іздеп келеміз»

«Жетім көрсең жебей жүр!» Бұл сөздің түп төркіні қазаққа таңсық емес. Дегенмен, қазіргі заман перзенттері ретінде біздер осы сөздің байыбына жетіп жүрміз бе? Ізгіліктің ізіне ерген жастар қатары қаншалықты ауқымды? Бұл сұрақтар ҚазҰУ студенттерін де бей-жай қалдырмады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушылары мен студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірнеше ауқымды шаралар ұйымдастырып, жұртшылықты ізгілік, қайырымдылық жасауға үгіттеуде.


Соның бір көрінісі ретінде, ағымдағы жылдың 26 наурызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультетінің Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары, студенттері мен журналистика факультетінің 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Ізгілік іздеп келеміз» атты еркін форматтағы тәрбие сағаты № 1 Балалар үйінде өткізілді. Студенттер балалармен қызықты ойындар ойнап, оларға жақсы көңіл күй сыйлауға атсалысты. «Біздің басты мақсатымыз жәй ғана келіп, уақыт өткізіп кету емес. Өйтер болсақ, бұл – қайырымдылық деп айта алмаймыз. Тек «жұрт көрсін» дегендей ой ғана болған болар еді. Бірақ біз олай жасамаймыз. Біздің мақсатымыз: «Балалар үйіндегі» балаларға аз ғана уақыт болса да өздерінің әлі де бала екендіктерін сезіндіру. Ата-аналарынан қол үзіп, ересек өмірге ерте аяқ басқан балақайларға еркін форматта кішігірім ойын-сауық ұйымдастырып, оларды қуанту» -дейді, журналистика факультетінің 1 курс студенті Мұхит Тұрсынәлі.


Балалардың жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқандығы санамызға әбден сіңген. Тіпті қалыпты жағдай, бірақ бұл тақырып ешқашан өзектілігін жоймайды. ҚР Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде республикамызда 80 мыңнан астам балалар жетімдер үйінде тәрбиеленуде. 1999-2014 жылдар аралығында 8169 сәбиді шетелдіктер өз қамқорлықтарына алған. Сондай-ақ, жетімдер саны, өкінішімізге орай, күн санап артып келеді. Бұл біздің қазақ қоғамына төнген үлкен қауіп, қатерлі дерт. Осы дерттің асқынып кетуін алдын алу Қазақстанның болашағы – жастардың қолында!


Балаша шынайы қуанып, асыр салып ойнаудың орнына, терезеге телміріп «ата-анам қашан мені іздеп келер екен?» деген санасын жіпсіз шырмаған сұрақтармен күнін өткізердей бейкүнә балалар тағдырға не жазды екен деп қынжыласыз осындайда. Өмірдің осындай қатал тұстарын көргенде, пенделерге мейірімділік пен қайырымдылықты бойларына сіңіре гөр деген тілек орын алады. Біз, 21 ғасырдың көшбасшы жастары, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, қарттарын қадірлеген қоғамымызды қайта жаңғыртқымыз келеді. Мұндай іс-шараларды жиірек ұйымдастырып, басқалардың да ізгілікке деген ізгі ниеттерін ояту – біздің мақсатымыздың бірі еді!


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


филология және әлем тілдері факультетінің


Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының


оқытушылары Аушенова Айдана, Байелі Әсел 




Көрілген: 378    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.04.2019, 10:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31