Жаңалықтар

Зиянды әдеттерден жастарды сақтау парыз

  • Зиянды әдеттерден жастарды сақтау парыз

    Зиянды әдеттерден жастарды сақтау парыз

Басқа елдермен тереземізді теңестіреміз, алдыңғы қатарлы елдер сапынан табыламыз десек жастардың салауатты өмір салты дағдысы қалыптасқан, рухы биік, жан дүниесі таза, адамгершілігі мол, білімді азамат болып ержетуіне атсалысуымыз керек. Әсіресе жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануының маңызы зор. Статистикаға сенсек, елімізде жыл сайын нашақорлықпен ауыратын адамдардың саны көбейіп, героин мен синтетикалық есірткілерді тұтыну көрсеткіші артып бара жатқан көрінеді.
Соңғы 15 жыл ішінде нашақорлыққа шалдыққан жасөспірімдердің саны елімізде 20 есеге өсіпті. Негізінен Азиядан Ресейге өтетін есірткі транзитінің белсенді және тұрақты бағыттары еліміздің Орталық және Батыс Қазақстан өңірі болып табылатындығын ескерген жөн. Демек алдағы уақытта есірткі дәлізінің тұрақты тұтынушысына айналмаудың жолдарын қарастырып, жастарды зиянды әдеттерден сақтауымыз керек.
Нашақорлық – адамзаттың қас жауы. Бүгінде дүние жүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолданып, мәселені шешудің жолдарын іздеуде. Біздің елімізде де нашақорлықпен күрес кешенді түрде жүргізілуде. Әйтсе де есірткі бизнесі дендеп барады. Тіпті жыл сайын түрлерін өзгертіп, таралу жолдарын да ауыстыруда. Мәселен қазір синтетикалық есірткі – әлемде ең кең таралған психотропты заттарға жатады. Негізінен ғаламтор арқылы, байланыс құралдары арқылы саудаланатын есірткілік заттардың жолын кесу де оңай болмай тұр. Өйткені онымен айналысатындар өте сақ. Мәселен синтетикалық есірткілер қазір ғаламтор желісі арқылы саудаланады. Сатушы мен сатып алушы WhatsApp немесе Telegram мессенджері арқылы бір-бірімен байланысып, қажетті тауарға тапсырыс береді. Кейін онлайн төлем жасалынады. Ақша түскеннен кейін, сатушы тауардың қай жерде жатқандығы жайлы мәліметті береді. Яғни ешкім бір-бірімен бетпе-бет кездеспейді. Барлық іс белгісіз ара қашықтықта атқарылады екен. Осы орайда айта кетер жайт, былтыр елімізде есірткі саудалайтын 4500 сайт бұғатталған.
Олардың тез түрленіп жатқаны соншалық соңғы кездері нарықта пайда болған психотроптық заттар заң жүзінде тыйым салынған тізімде жоқ болып шығуда. Сондықтан тиісті орындар есірткінің жаңа түрімен күресуге заң жүзінде қауқарсыз болуда. Сондықтан заңдарымызды да уақыт пен өзгеріске сай ыңғайлап үлгеру қажеттілігі туып жатыр. Соңғы өзгерістерге сай психотропты заттардың бұрыннан бар 380-нен астам тізімнің ішіне қосымша 89 жаңа түрі енгізілді. Нарықта пайда болған жаңа есірткі түрлерін тез арада анықтап, тізімге енгізіп, жауапкершілікке тартуға мүмкіндік алудың маңызы зор. Өйткені заң болмаса тиісті орындар псиотропты заттарды қолданушылармен күресуге дәрменсіз. Химиялық сараптама тағайындаған кезде, ол зат есірткі болып табылмаса есірткі емес немесе аналогы емес деп жазылады. Сондықтан құқық қорғкау орындароы ғана емес есірткімен қоғам болып күресудің маңызы зор.

Синтетикалық есірткі адамның денсаулығына қатты әсер етеді. Егер табиғи болса басқаша, ал синтетика мүлдем басқаша әсер етеді. Онымен күресу үшін мемлекет осы мәселеге көп көңіл бөлу керек. Қылмыстық жауапкершілікті күшейту қажет. Мамандардың айтуынша, синтетикалық есірткілердің беретін әсері қарапайым марихуана мен анашадан 10-15 есе қаттырақ. 3Д форматта галлюцинациялар болып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталып жатады. Яғни оны қолданса суицике ұласу да қаупі бар.

 

Нашақорлыққа қоса темекі шегу де адам мен бүкіл қоғамға зиян келтіретін ең көп таралған әдеттердің бірі. Есірткінің нақ өзі болмаса да, сонымен құрамдас болып келетін темекіні пайдаланушы жастарымыздың да саны күн сайын артып барады. Темекі шегу адам денсаулығына үлкен қауіп төндіреді, нәтижесінде ондаған жазылмайтын аурулар пайда болады. Бұл сала мамандарының айтуынша, темекі шегушілердің 70 % өкпе обыры, 10 % өңеш қатерлі ісігі ауруымен ауырады. Темекі шегушілерге жүрек, өкпе, қан тамырлары, ауыз қуысы ауруларынан зардап шегу өте оңай. Темекі шегудің басқа да көптеген зияны бар, әсіресе темекі шекпейтін, бірақ әрдайым темекі шегетіндердің жанында болатын адамдар мен балаларға зияны орасан зор. Алыстан мысал іздеудің қажеті жоқ, бүгінде әлем халқын әбігерге салып жатқан коронавирус індетінің адамның өкпесіне қатері зор екені айтылуда. Ал темекі шегетін адамдарға вирустың жұғу қаупі де, тигізер зияны да екі есе екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.

Абыханова Лиза, Алматы қаласы №58 жалпы білім беретін мектептің биология пәнінің мұғалімі


 




Көрілген: 636    Пікірлер: 0

жұма, 08.05.2020, 18:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30