Жаңалықтар

«Зорлық, ұрлық, бұзақылық»: СҚО мектептерінде істі болған мұғалімдер сабақ беріп жүр

  • https://azattyq-ruhy.kz/

    https://azattyq-ruhy.kz/

Солтүстік Қазақстан облысының білім беру мекемелерінде зорлық, өзгенің денсаулығына ауыр зиян келтіру, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсу сынды басқа да фактілер бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған мұғалімдер жұмыс істеп келген. Өңірлік білім басқармасы аталған заңбұзушылыққа мектеп, колледждердің директорлары жол бергенін айтып, мекеме басшыларына айып тағып отыр.

 

Бұрын істі болып, сот алдында жауап берген қылмыскерлердің балалармен жұмыс істеуіне кім жол берді? Жауаптылар қалай жазаланды? Мәселенің мән-жайын Azattyq Rýhy тілшісі зерттеп көрген еді.

 

«БАЛАҒА БІЛІМ БЕРІП ЖҮР, СОТТАЛҒАН ТАЛАЙ ПЕДАГОГ»                  

 

Тамыз айында Алматы облысында жантүршігерлік қылмыс тіркелгені көпшілікке аян. Үштөбе мектебінің екі мұғалімі 16 жастағы өрімдей қыздарды зорлаған. Бұл жағымсыз жаңалық көпшіліктің жадынан көмескіленіп барып, бірер аптадан соң-ақ өшіп қалғаны анық. Ал екі бойжеткен мен олардың отбасы нағыз трагедияға тап болды.

 

Қазақстанда жыл сайын әр облыста осындай жайттардың болып тұратыны үйреншікті жағдайға айналғандай. Осындай фактілер итермеледі ме, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы өңірдегі білім беру және спорт саласында жұмыс істеп жүрген тұлғаларды жаппай тексеруді қолға алған. Нәтижесінде, бір кездері зорлық, өзгенің денсаулығына ауыр зиян келтіру, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсу сынды басқа да қылмыстары үшін істі болған мұғалімдердің балаларға білім мен тәрбие беріп жүргені анықталған.

 

«ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша басқармасы білім беру және спорт саласына тұлғалар жұмысқа орналасқан кезде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын сақтауын қадағалау мақсатында мониторинг жүргізген болатын. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша, әкімдіктің атына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді, облыс прокуратурасына хабарланды. Қазіргі уақытта прокурорлық қадағалау актісі қарастырылуда. Соған байланысты қабылданған шаралар туралы ақпарат беруге мүмкіндік жоқ. Жұмысқа орналастыру заңдылығының сұрағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының құзыреттілігіне кірмейді», - дейді ҚР БП ҚСжАЕК СҚО бойынша Басқарма бастығының міндетін атқаруш. М. Кәрібайқызы.

 

ІСТІ БОЛҒАНДАР ӘЛІ ДЕ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖҮР

 

Тексеріс нәтижесінде СҚО мектептерінде бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершілікке тартылған 31 адамның жұмыс істеп жүргені анықталған.

 

«Қабылдау кезінде жұмыс беруші кандидатты мемлекеттік органдар үшін қолжетімді ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетініңақпараттық сервисі арқылы сотты болған-болмағанын тексеруі тиіс. Бірақ көп басшылар кандидаттарды аталған сервис арқылы қарамайды. ХҚКО-дан алынған анықтаманы қабылдай салады. Онда қысқартылған қылмыстық істер мен алынып тасталған соттылықтар туралы деректер көрсетілмейді. Мұндай жағдайда мектеп директорлары мен балабақшалардың меңгерушілері жауапты болады», - дейді СҚО Білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова.

 

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша басқармасының нұсқауымен бір кездері істі болған 23 адам қызметінен босатылған.

ҚР Еңбек кодексіне 2012 жылы білім беру мекемелерінде бұрын сотты болғандардың жұмыс істеуіне тыйым салу туралы норма енгізілген.

 

Білім басқармасы осы мерзімге дейін жұмысқа қабылданған бес педагог қызметін жалғастыра алатынын ұйғарған. Осылайша, бұрын істі болған 5 адам әлі де балаларға білім мен тәлім-тәрбие беріп жүр. 

 

«Білім туралы» заңның 6 және 6-1 баптарына сәйкес, мемлекеттік білім беру мекемелерін маман кадрлармен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдарға, яғни білім беру басқармасына жүктеледі.

Сонымен қатар, балалар құқығын қорғау саласында халықаралық келісімдер мен типтік ереже арқылы білім басқармаларына ҚР заңнамаларының орындалуын қадағалау мен бақылау міндеттелген.

Бұл жағдайда білім беру ұйымдарының бұрын істі болған және сотталғандарды жіті тексермей жұмысқа қабылдау тек қана Еңбек кодексін бұзу емес &ndash баланың қауіпсіз білім алу құқығына қол сұғу.

Аса қауіпті қылмыскерлердің оқушыларға қандай да бір зиян тигізуі әбден мүмкін. Сондықтан еңбек заңнамасының орындалуын қадағалау білім беру мекемелерінің жетекшілеріне ғана жүктеп қоюға болмайды.

Педагог кадрларды қабылдау, олардың арнайы есепте тұруын тексеру жұмыстарын өз өкілеттіліктеріне сәйкес өңірлік білім басқармалары ұйымдастыруы шарт.

Білім беру саласының шаттық мекемелерінде бұрын істі болған адамдардың жұмыс істеуі &ndash аталған ведомство басшыларының жіберген олқылығы», - дейді Қазақстанның Құрметті заңгері, «Қазақстан заңгерлер одағының» Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының төрағасы Серік Беркамалов.




Көрілген: 753    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.11.2020, 14:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 18:48
    Мен жаңашыл ұстазбын
    20 Желтоқсан 2020
    Менің ұстазым...
    14 Желтоқсан 2020
    Тәуелсіздік туралы эссе

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31