Білім. Реферат

"Әншіге еліктеп таңдай салады": БҒМ талапкерлерге жалақысы жоғары мамандық рейтингісін ұсынды

  • "Әншіге еліктеп таңдай салады": БҒМ талапкерлерге жалақысы жоғары мамандық рейтингісін ұсынды

ҚР БҒМ талапкерлер назарына білім бағдарламасының рейтингін ұсынды. Биыл елде 117 мың мектеп түлегі бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысып жатыр. Мемлекет өз кезегінде 2019-2020 оқу жылдарына арнап бакалавриатқа 53 785 білім грантын бөлді. Осы орайда министрлік бұдан былай мамандық емес, талапкерлердің білім грантын таңдайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, былтырдан бастап білім бағдарламаларының рейтингін жасай бастады. 2018 жылы оған 92 мамандықты қамтыған 2 000 білім бағдарламасы бойынша 109 жоғары оқу орны енген болатын. Рейтинг кестелері «Атамекен» ҰКП https://bit.ly/2PD1JwY сайтында орналастырылған.


Бакалавриат бағдарламасында барлығы 97 білім тобы бар. Мемлекеттік білім грантының байқауына қатыса отырып, әртүрлі жоғары оқу орнындағы 4 білім бағдарламасының тобын таңдай аласыз (ҰБТ-дағы таңдау пәндеріңізді ескеріңіз). Оқу орнына қабылданған соң, бір ғана білім бағдарламасын таңдауыңыз қажет. Міне, осы кезде сізге берілген рейтинг көрсеткіштері қажет болады», - делінген хабарламада.


Әрі қарай аталған рейтингтен кез келген білім бағдарламасының еліміздегі оқу орындарының қайсысында қандай деңгейде екенін білуге болатыны туралы жазылған. Мысалы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы оқу бағдарламасының арасында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті бірінші орында.


«Аграрлық техника және технология» мамандарын Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде жақсы дайындайды. «Физика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасы (жаратылыстану ғылымдары) бойынша Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік аймақтық университеті көш бастап тұр. Ал «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамту» мамандарын дайындаудан ҚБТУ алда келеді.


«Рейтингте түлектердің жұмысқа орналасуы мен айлық табыстары да көрсетілген. «Мұнайгаз ісі» ең жалақысы жоғары және сұранысқа ие мамандық болып табылады, жалақы мөлшері 900 мың теңгеден асады. Жалақысы жоғары болып табылатын «Транспорттық техника және технология», «Тау ісі» мамандықтары түлектерінің айлығы орта есеппен 174 мың теңге, «Автоматтандыру және басқару» — 159 мың теңге», — деп түсіндірді ҰКП адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Азамат Бейсенбенов.


Сондай-ақ, білім және ғылым министрлігінің өкілдері мамандық таңдауда не маңызды екенін түсіндірді. Осы орайда, бұл мәселеге жіті мән беруге кеңес берді.


«Мамандық таңдау — әр талапкердің жеке ісі. Ең алдымен, қалаған мамандықтың мәні мен ерекшелігін түсіне білу керек. Жастардың арасында осы саланың көрнекті өкіліне — спортшыға, журналиске, саясаткерге, әртіске еліктегеннен таңдау жасайтын жағдайлар кездесіп жатады. Алайда олар өздерінің қабілеттері мен таңдаған саланың қыр-сырына үңіле бермейді.


Тағы бір жиі кездесетін қателік — ата-анасы мен туған-туыстарының пікірлеріне сүйеніп таңдайды. Ал олар көбінесе жеке тәжірибесіне немесе ішкі ойларына байланысты кеңес береді. Әрине, олардың пікіріне де құлақ асуға болады: мысалы, сіздің анаңыз мұғалім болса және сіз оның ізін жалғастыруға ниетті болсаңыз, араға жылдар салып, «мен бұл мамандық туралы білмеппін» деп айтпайтыныңыз анық», — дейді Азамат Амангелдіұлы.


Ол білім бағдарламаларын таңдау барысында оның ішкі мазмұнының өзектілігіне баса назар аударуға кеңес береді.


«Оқудың несиелік технологиясына көшуге байланысты студенттердің оқу бағдарламасын таңдау мүмкіндігі де арта түсті. Оқу бағдарламасының тәжірибелік жағын, оқу орнының қандай кәсіпорындармен, ұйымдармен, қауымдастықтармен, ірі компаниялармен өзара жұмыс жасайтынын зерттеп білуге болады.

Қазіргі таңда қандай мамандыққа сұраныс жоғары, нарық талаптары өзгерген жағдайда қандай жақын салаға ауысып кетуге болатындығы туралы хабардар болған абзал. Ол үшін жастарға БАҚ, интернет-портал, оқу орнының сайты, әртүрлі мамандықтың қауымдастықтары мен форумдары, т.б. ақпарат көздері жеткілікті», — деді сарапшы.




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

жұма, 28.06.2019, 12:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31