Білім. Реферат

Қазақстан ЖОО-ларында білім гранттарының құны артуы мүмкін

  • Қазақстан ЖОО-ларында білім гранттарының құны артуы мүмкін

    Қазақстан ЖОО-ларында білім гранттарының құны артуы мүмкін

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалына жеке ғимарат беру керек. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Бақытжан Жұмағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қазақстандық филиалдың қызметін одан ары заңнамалық тұрғыда бекіту мақсатында 2017 жылғы 9 қарашада Челябинск қаласында ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалының қызметі туралы келісімге қол қойылды.


«Осы келісімді ратификациялау - филиал жұмысының құқықтық жағдайларын жақсартуға және реттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қаралып отырған заң жобасын жұмыс тобы мен Сенат комитетінде талқылау барысында туындаған бірқатар мәселелерді атап өткім келеді. Осы орайда оқыту гранттарына тоқталатын болсақ, Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалында 1 млн 690 мың теңгені құрады. Мұндай сома білікті профессорларды тартуға, дәрістерді жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Бұл шын мәнінде білім беру сапасының кепілі. Ал біздің жоғары оқу орындарында, тіпті ұлттық университеттерде гранттар сомасы әлдеқайда төмен», - деді депутат.


Оның сөзіне қарағанда, бүгінде елдің бәсекеге қабілеттілік шарттарының бірі ретінде білім беру сапасы бірінші орынға шықты. Бұл орайда білім сапасын көтеруге бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізу туралы ойлану қажеттігі бар. Осы ретте Қазақстанның жоғары оқу орындарында гранттардың құнын арттыру өте маңызды.


«Филиал құрылған уақыттан бері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында жұмыс істеп келеді. Ғимаратқа қатысты 14 жылда 270 млн теңгеден астам қаржы ЕҰУ тарапынан жұмсалды. Бұл дұрыс емес деген де пікірлер айтылды. Себебі Мәскеу мемлекеттік университеті және Еуразия ұлттық университеті әлемдік аренада, сондай-ақ дүниежүзілік рейтингтерде бәсекелестер болып саналады. Сондықтан ММУ-дің Қазақстандағы филиалына жеке ғимарат бөліп беруді тиімді шешім деп ойлаймыз», - деді Б. Жұмағұлов.


Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтылған ұсыныстармен келісе отырып: «Біздің ЖОО-ларда гранттар деңгейін көтеру ұсынысы осыған дейін бірнеше мәрте айтылды. Біз осы қадамның қажет екенін түсініп отырмыз. Ал ММУ-дің филиалына жеке ғимарат бөлу мәселесі қаралып жатыр», - деді.


Айта кетейік, 2000 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалын ашу жөнінде бастама көтерді. Сол жылы 9 қазанда РФ Президенті В. Путиннің Қазақстанға сапары кезінде филиалдың құрылуы туралы хаттамаға қол қойылды. Білім ордасы осы уақытқа дейін Л.Н. Гумилев Еуразия ұлттық университетінің базасында қызмет етуде.


Бұдан бұрын хабарланғандай, жалпы отырыста палата депутаттары «ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңын қабылдады.


 




Көрілген: 1091    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.04.2019, 11:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қараша, 02:44
    Біз жастарға сенеміз
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31