Білім. Реферат

Келесі жылы бірінші сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі

  • Келесі жылы бірінші сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі

    Келесі жылы бірінші сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі

Бүгінде оқушылар сарайларында 560-тан астам балалар технопаркі мен робот техникасы кабинеті жұмыс істейді

 

2021 жылы мектептерде "Цифрлық сауаттылық" пәні бірінші сыныптан бастап енгізіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"2021 жылдан бастап "Цифрлық сауаттылық" пәні бірінші сыныптан бастап енетін болады. Балалар мектепте оқығанда алгоритмді, ақпараттық гигиена мен қауіпсіздікті, кодтау тілін үйренеді. Робототехника негіздерін меңгереді", - деді министр үкімет отырысында.


Сондай-ақ оның айтуынша, оқушылар iOS, Android операциялық жүйелерін үйренеді. Ол үшін облыс орталықтарында жаңа 25 арнаулы ІТ лицей ашылған.

 

Бұдан бөлек, 447 STEM зертханасы мен екі мыңға жуық робот техникасы кабинеті ұйымдастырылды. Оқушылар сарайларында 560-тан астам балалар технопаркі мен робот техникасы кабинеті жұмыс істейді.

 

"Бірақ, бұл әлі де жеткіліксіз деп есептейміз. Осыған байланысты арнаулы программалау мектептерін әр облыста ашуды әкімдіктерге тапсыруды сұраймын", - деді министр.




Көрілген: 157    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.06.2020, 10:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 10:40
    Арман алға жетелейді
    7 Маусым, 19:31
    Өнерлінің өрісі кең
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31