Білім. Реферат

Коронавирус университеттерге қалай әсер етті?

  • Коронавирус университеттерге қалай әсер етті?

    Коронавирус университеттерге қалай әсер етті?

«ADAL BILIM» алаңында «Университеттердегі цифровизация» тақырыбы бойынша тікелей эфир өтті.

ҚР БҒМ қарасты «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен шараға қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, білім саласы бойныша сарапшылар қатысып, жоғары білім саласындағы цифрландыру мәселесін талқылады.

КАЗГЮУ Университеті Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалымжан Құдайбергенов пандемияға жоғары оқу орындары әр түрлі деңгейде дайын болғанын айтады. Дегенмен университеттер соның арқасында дамудың дәстүрлі тәсілдерін қайта қарастырып, заманауи білімге бір табан жақындай түскенін де атап өтті. Сондай-ақ Ғалымжан Баянқұлұлы қатысушыларға студенттер мен ата-аналар үшін іске қосылған Smart KAZGUU мобильді қосымшасын таныстырды.

Бүгінде студенттер үйден шықпай-ақ шотындағы балансын өзі басқара алады. Сондай-ақ сабақ кестесін өзі құрып, өтінішті электронды түрде жазады, анықтамалар мен құжаттарды да қолма-қол алуға мүмкіндігі бар. Мұндай қызметтердің барлығы оларға мобильді қосымшаның көмегімен көрсетіледі. "Қаржы" бөлімі арқылы студент өзінің балансын басқарады. Студент немесе ата-анасы балансты толықтыра алады және шотта қанша қалғанын тексере алады. Сондай-ақ студенттерге бір семестр немесе белгілі бір кезең бойынша көшірімін алуға мүмкіндік қарастырылған, - деді Ғалымжан Құдайбергенов.
Мобильді қосымшаның тағы бір артықшылығы, студент кредиттік оқыту жүйесі бойынша өзінің сабақ кестесін құруына болады. Оқытушыны, сабақ уақыты мен күнін де өзі таңдай алады.

Тікелей эфирде өткен талқылауға қатысушылар әрбір жоғары оқу орны білім берудегі классикалық тәсілдер мен цифрландыруды сәтті үйлестіретін қашықтан оқытудың авторлық моделін әзірлеу қажет деген қорытындыға келді.




Көрілген: 468    Пікірлер: 0

сенбі, 21.11.2020, 01:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қазан, 23:06
    Әжемнің мектебі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31