Білім. Реферат

Министрлік мұғалімдердің жалақысын көтеру коэффицентін бекітті

  • Министрлік мұғалімдердің жалақысын көтеру коэффицентін бекітті

    Министрлік мұғалімдердің жалақысын көтеру коэффицентін бекітті

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім қызметкерлерінің жалақысын көтеру шаралары туралы айтты. Аталған тапсырманы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев берген болатын. Оған сәйкес, жалақысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға көтерілуі керек, деп xабарлайды ҚазАқпарат.


Министрдің айтуынша, ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа тарифтік коэффицентті бекітті. Ал ҚР Білім және ғылым министрлігі есептеу жұмыстарын бастап кетті.


«Осы орайда айта кететін мәселе, жалпы бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын көбейтуге арналған қаржының 75 проценті білім саласына бөлініп отыр. Жалақы 1 маусымнан бастап көтерілетін болады. Негізгі персоналдың айлығы көтеріледі. Олардың ішінде еңбек өтілін енді ғана бастаған жас мұғалімдер, колледж ұстаздары, псиxологтар, балабақшалардың жетекшілері, тәрбиешілері мен көмекшілері, сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлер бар», – деді К.Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.


Оның сөзіне қарағанда, көмекші персоналдың жалақысы да артады. Олар - еден жуушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантеxниктер мен электриктер. «Сосын басқарушы персонал бар. Олар – мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары», – деп атап көрсетті К.Шәмшидинова.


Айта кетейік, бүгінгі брифингте ғылым министрі мектеппен қоштасу кештерін өткізуге қатысты пікір білдірді.




Көрілген: 463    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.04.2019, 14:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30