Білім. Реферат

Сабаққа бармай жүрген баланың ата-анасы айыппұл төлейді

  • Сабаққа бармай жүрген баланың ата-анасы айыппұл төлейді

    Сабаққа бармай жүрген баланың ата-анасы айыппұл төлейді

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері сабақтан себепсіз қалған баланың ата-анасына айыппұл салынатыны жайлы хабарламаларны растады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Осыған дейін әлеуметтік желілерде «БҒМ бұйрығына сәйкес негізсіз сабақтан қалған балалардың ата-аналары 15 883 теңге көлемінде айыппұл төлейді» деген хабарламалар таралған болатын.


Білім және ғылым министрлігінің өкілдерінің айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде оқушылардың сабақтан қалғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны көрсетілген.


– Әкімшілік кодекстің 127-бабында ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы салдарынан 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатыны айтылады. Биыл АЕК 2 525 теңге болды. Сонда 17 675 теңге көлемінде айыппұл төлеу қарастырылған. Бір жыл ішінде осындай жағдайлар қайталанатын болса, 15 тәулікке дейін қамауға алынады немесе 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі, – деп түсіндірді ведомстводағылар.


Министрлік мектеп немесе колледж шәкірті себепсіз оқуға келмеген жағдайда басшылықтың бұл туралы білім басқармасындағыларға хабарлауы тиіс екенін атап өтті.


Ата-анаға айыппұл салу мәселесі сот тәртібінде қаралады. Айыппұл бюджетке аударылады.




Көрілген: 927    Пікірлер: 0

жұма, 11.01.2019, 12:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30