Білім. Реферат

Тестілеу орталығындағы шу: білім министрі отставкаға кете ме?

  • Тестілеу орталығындағы шу: білім министрі отставкаға кете ме?

    Тестілеу орталығындағы шу: білім министрі отставкаға кете ме?

Өткен аптада мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пара алған ұлттық тестілеу орталығының екі басшысын ұстаған болатын


БАҚ өкілдері білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидиновадан қарамағындағы қызметкерлерінің былығынан кейін отставкаға кетіп-кетпейтінін сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Бізге мұның мемлекеттік сатып алулармен, қонақүй табу мәселелерімен байланысты екені ғана белгілі. Сондықтан тергеу қорытындысын күтіп отырмыз", - деді Шәмшидинова үкімет кулуарында.


Осыдан кейін журналистер министрден "президент қарамағындағы қызметкерлері жемқорлық жасаған басшылар отставкаға кетуі керек деген болатын, осыған не айтасыз?" деп сұрады.


"Сіздер білесіздер ғой, менің жұмыс істеп жатқаныма үш ай ғана болды. Сондықтан сіздің сұрағыңыз қаншалықты дұрыс?", - деп қысқа қайырды ведомство басшысы.


Шәмшидинова ҰБТ сұрақтары автоматтандырылғанын, адами факторға тәуелді емес екенін атап өтті.


"Биыл ҰБТ-ның қатаң құпия және әділ өтуіне біз де мүдделіміз. Сіздер білесіздер, ҰБТ сұрақтары мемлекеттік құпия санатына жатады. Сондықтан заң бұзғандар жауапқа тартылады", - деді ол.


Ұлттық тестілеу орталығындағы шу

Өткен аптада білім және министрлігіне қарасты ұлттық тестілеу орталығының басшылары парамен ұсталғаны белгілі болды.


Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлағандай, орталықты 2016 жылы басқарған басшы мемлекеттік сатып алулар кезінде жекеменшік компанияға лобби жасаған. Сол үшін 9 миллион теңгенің "Тойота-Камри" маркалы су жаңа автокөлігін пара ретінде алған. Автокөлік тәркіленді.


Бұған қоса, орталықты 2017 жылдан бері басқарып келген басшының үстінен де қылмыстық іс қозғалды. Ол 2017-2018 жылдар аралығында делдал арқылы жүйелі негізде аса ірі мөлшерде пара алып отырған.




Көрілген: 618    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.05.2019, 13:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31