Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда 7 мыңнан астам студент қосымша жатақханалар мен хостельдерге орналасты

30 қыркүйек 2022, 16:40

Соңғы үш аптада Алматыдағы 35 жоғары оқу орнының 7 мыңнан астам студенті қосымша  жатақханалар мен хостельдерге орналасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 
 
 Кейбір жоғарғы оқу орындары өз студенттері үшін жекеменшік жатақханалар мен хостелдерді жалға алды, ал кейбір институттар өз балансындағы ғимараттарды студенттер баспанасына айналдырды.

Айта кетейік, Алматы шаһарындағы бірінші курс студенттері жаңа оқу жылының басында толық жатақханаларға орналасты. Студенттерді баспанамен қамту мәселесі Ғылым және жоғары білім министрлігінің бақылауында тұрады.

Біз жоғары оқу орындарымен бірлесіп студенттерді жатақханаға орналастыру мәселесін шешіп жатырмыз. Студенттердің басым бөлігі баспанамен қамтылды. Ескерте кетейік, министрлікке қарасты студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабы жұмысын жалғастырып, тұрғын үйге мұқтаж студенттерге көмектеседі. Бұл жұмыс тоқтамайды, – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.