Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жүрегі «қазақ!» деп соққан

01 мамыр 2013, 13:07

Қазақ тілінің жалауын биік көтеріп жүрген Асылы Осман және Герольд Бельгер, Қасым Қазақбай ағаларымызды бөлектеп, өзге ұлт өкілі деуге ауыз бармайды, керісінше, нағыз қазақ ретінде тануымыз керек сияқты. Қазақ тілінің өсіп-өркендеп, кең қанат жаюына осындай абзал жандардың зор үлес қосып отырғаны анық.  Осыған орай өз пікірлерін ортаға салған қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қазақ тілін белсенді насихаттап, қазақтың жоғын жоқтаған азаматтарды нағыз қазақ ретінде бағалау керек деген ой айтты.
Гүлшат Нұрымбетова, саяси ғылымдар докторы, профессор:
– Қазақтың жоғын жоқтап, мемле­кет­тік тіл үшін шыр-пыр болып жүрген Асы­лы Осман, Герольд Бельгер, Мә­жіліс депутаты Розақұл Халмұрадов сияқ­ты зиялы қауым өкілдері «нағыз қа­зақ» деген атқа әбден лайық дер едім. Олар – ертеректе қазақпен бірге қиын­дыққа төзіп, ыстық-суықты бас­тан өткеріп, бір тілім нанды бөлісіп, қа­зақтың арасында қайнап өскен аға буын­ның өкілдері, қазақтың жақ­сы­лығын көп көрген жандар. Тіпті керек десеңіз, қазақша үйренген, телеэфирде қазақ тілінде сөйлеп жүрген кейінгі буынғ­а қарағанда, олардың қазаққа жа­ны жақын, жүрегі бір деп ойлаймын.

Алмагүл Сәлімбаева, «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоры» қоғамдық қорының директоры:
– Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламентке сайланған Ассамблея мү­ше­лерінің қай-қайсысы да нағыз қазақ деген атқа лайық. Өзгелерге қазақ тілін үй­рету курс­тарын өткізіп жүрген аза­мат­тар қа­заққа қазақтан артық еңбек сі­ңі­ріп жат­қанын айтуымыз керек. Өзге ұлт өкіл­­­дерінен нағыз қазақ дегенде ал­ды­мен Ахмед Мұрадовтың есімін ерекше атар едім.

Серік Абас-шах, «Қазақстан» ұлттық арнасының атқарушы продюсері:
 – Ахмет Аляз,  Надежда Лушникова, Татьяна Бурмистрова және журналист Максим Рожин бауырымыз, олар – нағыз қазақтар!

Талғат Әбілқасымов, ҚХА «Тілдарын» тілдерді оқыту инновациялық технологиялары әдістемелік орталығының директоры:
– Ұлты өзге болса да, қазақ тілінің мә­­селесін үнемі көтеріп жүрген аза­мат­тарды нағыз қазақ деуіміз керек. Себебі олардың жаны да, рухы да – қазақ! Қа­зақстандағы Корей қауымдастығының же­текшісі Роман Ким қазақ тілін мең­геріп қана қоймай, Ко­рей елінде қазақ тілін оқытуға атсалысып жүргенін мақ­танышпен айтуға тиіспіз. Пав­ло­дарда Владимир Шнайдер деген аза­мат қазақ тілі мен әдебиетінің кафе­дра­сында сабақ берді, қазір Инновациялық Еу­разия университетінің проректоры бо­лып істейді. Телеарна жүргізушілері Оксана Лоскутова мен Ламбриан Топу­зи­дистер үлкен эфирде қазақ тілінің мерейін үстем етіп, өзгелерге үлгі болып келеді. 

«Тілдарын» орталығының басшысы ретінде байқағаным, өзге ұлт өкіл­де­рінің қазақ тілін үйренуге ынта-ықы­ласы ерекше. Қазақ тілін сөздік жа­ғынан меңгергенімен, қазақша дұрыс айт­пай қаламыз ба деп пси­хологиялық жағынан қобалжып жата­ды. Біздің орталық еуропалық бес деңгейлік үлгіні негізге алып, тез арада мем­лекеттік тілді меңгеруге және тіл үйренудегі пси­х­о­ло­­гиялық кедер­гі­лер­ді еңсеруге мүм­кіндік береді.