Бірлік

Өзге емес, өзіміз деп білеміз

  • Өзге емес, өзіміз деп білеміз

    Өзге емес, өзіміз деп білеміз

«Менен ұлтымды сұраған кезде «әкем – орыс, анам – корей, ал өзім  – қазақпын!» деп жауап беремін және менің жеңістерім осы ел үшін!»  Бұл – бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің қазақ еліне деген құрметі, жүрекжарды сөзі.  XX ғасырдың басында жаппай қуғын-сүргін етек алған зұлмат жылдарда тағдырдың тәлкегімен елімізге келген талай ұлт бүгінде қазақ жерін өз елім деп таниды. Тіпті ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, қазақ тілін өз ана тіліндей көріп, ұлттық салт- дәстүрлерімізді ұстанып жүргендері де аз емес. «Бұл, ең алдымен, сонау жылдары талай ұлыстың ұрпағына пана болып қана қоймай, өз баласындай бауырына тарта білген қазақ халқының кең­пейіл мінезінің арқасы» дейді бүгінде түрі басқа болғанымен, тілегі бір ұлттар.

Өзекке теппей, өз бауырына тарта біл­гендіктен де шығар, бүгінде қазақ хал­қына қазақтың өзіндей жаны ашитын тұл­ға­ларымыздың қалыптасуы. Қазақ әде­биетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген Герольд Бельгер ағамыз, қазақ тілінің үс­темдігі үшін жанын беруге бар Асылы Ос­ман апамыз, қазақ туын ірі додаларда биік­­тен желбіретіп жүрген Геннадий Го­лов­кин, Ислам Байрамуковтай тұл­ға­ла­ры­мыз – осының дәлелі. Тіпті олардың шұ­рай­лы ана тілімізде еркін сөйлеп, қазақ мүд­десі үшін қызылкеңірдек болып пікір талас­ты­руы ел мерейі екені даусыз.

Отарлау саясатымен елімізге қоныс аударған орыс-татарларды айтпағанда, бертіндегі сталиндік кезең мен тың игеру жылдары келген шешен-ингуш, қарашай-балқар, корейлердің өздері елімізде ұрпақ ал­­масудың төрт-бес буынын өткерді. Хал­қы­мыз оларды жат санамай, бауырына тартты, олар құнарлы топыраққа түскен дәндей жайқала көктеді, тамырын тереңге салды. Осы үшін олардың да қазақ еліне де­ген алғысы шексіз. Жақында Қазақстан ко­­рейлері қауымдастығының баста­ма­сымен Орал өңірінен бой көтерген «Қазақ хал­қына мың алғыс!» монументі – осының дәлелі. Еліміздің өркендеуіне сөзімен ғана емес, ісімен де үлес қосып жүрген өзге ұлт өкілдері жетерлік. 

Наталья ТЕГАЙ, Корей мәдени орталығының жетекшісі:

– Қазақтың кеңпейілдігі болмаса, біз­дің болашағымыздың қалай қалып­та­суы белгісіз еді. Айналып келгенде, қазақ халқының өз баласындай бауы­ры­на тартуы біздің де Қазақстанға рия­сыз көңілімізбен сіңісуімізге әсер етті. Осы­нау қазақ жеріне, қазақ еліне қыз­мет ету баршамыздың міндетіміз бо­лары анық. Тағдырдың жазуымен ко­рей­­лердің қазақ жеріне де­­п­ор­­та­­ция­лан­­ғанына 75 жыл толды. Жұр­­­ты­­мыздың қазақ еліне сіңіскені сон­шалық, қа­зақтардың озық деген тұрмыс-салты біздің де күнделікті тұрмыс- салтымызға ай­налып барады. Мәселен, бүгінде Қызылорда өңіріндегі талай кәріс қазақ ті­лінде таза сөйлеп қана қоймай, құр­метті адамына жылқы етін тартып, қа­зақ­тың қымызы мен шұбатын дас­тар­қа­нына қоюды әдетке айналдырып отыр. Мұның барлығы – Қа­зақ­стандағы ұлттар ара­сындағы та­ту­лыққа үндейтін саясаттың дұ­рыс жолға қо­йылғанының арқасы.   


Ахмет АЛЯЗ, «Қазақстан-ZAMAN» халықаралық газетінің бас директоры:

– Өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын ұлық­тап, тіпті күнделікті тұрмыс салтын­да қолданып жүрген өзге ұлт өкілдері же­терлік. Мәселен, менің туыста­рым­ның арасында балаларын қазақтың бе­сігіне жатқызып өсіріп жатқандары бар. Қазақ тілін ана тіліндей меңгер­ген­дері де жетерлік. Мұның барлығын олар қазақ халқын үлгі тұтып, өзіндей сезін­ген­діктен жасап отыр. Мен де қазір қазақтілді газетті басқарып отырмын. Газетім арқылы қазақтың мүддесін бірінші орынға қойып, қазақ мәселесін көтеріп жүрмін. Қазақстанда туып, қа­зақ жерін басып жүргеннен кейін, қа­зақ­тардың жақсылығын күнделікті кө­ріп жүргендіктен қазақ халқына деген алғысым ретінде осындай қадамға барып отырмын. Мен қазақтай кең­пейіл жұрттың алдындағы пары­зымды мұнымен өтей алмайтынымды да білемін.




Көрілген: 2683    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.05.2013, 13:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30