84 жыл бұрын ұйғыр академиялық музыкалық комедия театры құрылды
1934 жылдың 24-ші қыркүйегінде Ұйғыр академиялық музыкалық комедия театры құрылды.
Театр 1941-1961 жылдары Еңбекші қазақ ауданында жұмыс істеді, кейінірек Алматы қаласына ауыстырылды. 1964 жылы атауы Республикалық ұйғыр музыкалық драма театры деп өзгерді, ал 2016 жылы Елбасы Астанада Қазақстан xалқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» фестивалінде неміс, кәріс және ұйғыр театрларына академиялық мәртебе бергенін естеріңізге сала кетейік.
«Мемлекет тұрақты түрде барлық этномәдени бірлестіктерге қолдау жасауда. Балалар үшін кешкі мектептерді ашып, өздерінің ана тілдерін оқуға мүмкіндік беруде. Біздің газет-журналдар 15 тілде, театрлар 7 тілде сөйлейді. Бұндай өзге елдің ешбірінде жоқ. Бүгін осы фестивальда 3 ұлттық театрға - неміс, кәріс және ұйғыр театрларына академиялық мәртебе беру жөніндегі шешімімді жариялаймын. Бұл шешім біздің елдің барша театр өнеріне үлкен серпін береді деп сенемін. Театр ұжымын осынау керемет оқиғамен құттықтаймын. Жоғары шығармашылық табыс тілеймін!», - деді Н. Назарбаев фестивальдің ашылу салтанатында 2016 жылы.