Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

«АRТBAT FEST 2018» заманауи өнер фестивалі су тақырыбын арқау етті

  • «АRТBAT FEST 2018» заманауи өнер фестивалі су тақырыбын арқау етті

    «АRТBAT FEST 2018» заманауи өнер фестивалі су тақырыбын арқау етті

Кеше Алматыда Қала күні қарсаңында халықаралық «АRТBAT fest» өнер фестивалі басталды. Осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған заманауи өнер фестивалінің биылғы тақырыбы – «Су тасқыны». Биылғы шарада отандық қылқалам шеберлерінің, сондай-ақ, Франция, Италия, Германия, Словения, Ұлыбритания және Жапония секілді елдердің суретшілерінің туындылары көрермен назарына ұсынылады. Өнер фестиваліне Франция елінен келген сәулетші Симон Жакмин мен словениялық суретші Мартин Брицель Барага жетекшілік етеді.


Жалпы, «ARTBAT FEST» фестивалі дәстүр бойынша төрт бөлімнен тұрады. Олар: қоғамдық кеңістіктегі паблик-арт жобалары, көрмелік және білімдік бағдар­ламалар, сондай-ақ, арнайы жобалар. Әрбір бөлімнің өз мақсаты, міндеті бар және аудиториясы да әрқалай.


Қала әкімдігінің қолдауымен Есентай өзенінің жағалауында бір ай бойы өтетін шараны «Еуразиялық Мәдени Альянс» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.


– Өткен жылы Симон екеуіміз Алматыға бірінші рет келген кезде бұл қаланың ерекше екенін байқадық. Және сол ерекшелікті түсінуге тырыстық. Нәтижесінде алып мегаполистің тұрмыс-тіршілігі үшін аса маңызды элемент –су екенін түсіндік. Қаланың ішіндегі арықтардың желісі, таудағы селге қарсы қоршаулар, тау өзендері – бәрі Алматыны өзге қалалардан дара етіп тұрғандай. Сол себепті, біздегі барлық инсталляциялар сумен байланысты болады. Тіпті, тек судың көмегімен жұмыс істейтін нәрселерді көруге болады, – дейді арт-жобаның жетекшісі Мартин Брикель Барага.


Расымен, аталған фестивальде адамның ойына келмеген нәрселерді, жарамсыз заттардан жасалған түрлі композиция­ларды тамашалауға мүмкіндік болады. Халық назарына ұсынылған өнертапқыш­тардың туындылары шынымен де ерекше болмақ. Осылайша Сәтбаев көшесінен бастап Құрманғазы көшесіне дейін, Есентай өзенінің бойында Қазақстан, Словения, Италияның суретшілерінің он инсталляциясы орнатылады. Сондай-ақ, екі туындыны арт-жобаның жетекшілері ұсынады.


– Словениядан келген «BrіdA» арт-тобы интерактивті көпір салады. Итальян­дық суретші Марко Баротти «Аққулар» атты музыкалық кинетикалық инсталля­циясын құрады. Ал қазақстандық сәулетші Әсел Есжанова өз инсталляция­сын Арал теңізі маңындағы жағдаймен байланыс­тырады. Сонымен қатар, былтырғы вене­циялық биенналенің қатысушылары, атақты қазақстандық суретшілер Елена мен Виктор Воробьевтар да өз жобаларын ұсы­натын болады, – деп мәлімдеді «ARTBAT FEST» фестивалінің директоры Ольга Веселова.


«ARTBAT FEST – 2018» фестивалі 24 тамыздан 29 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстандық және халықаралық шығар­машылық қауымдастықтар арасындағы мәдени байланыс алаңына айналу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара ешкімді бей-жай қалдырмасы анық.


Мәншүк БЕКБОСЫН

«Алматы ақашамы»




Көрілген: 709    Пікірлер: 0

жұма, 24.08.2018, 22:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31