Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Ахмет Мурадов: Қазақстан Конституциясы – әлемдегі ең озық модель

  • Ахмет Мурадов: Қазақстан Конституциясы – әлемдегі ең озық модель

    Ахмет Мурадов: Қазақстан Конституциясы – әлемдегі ең озық модель

Еліміздің жан-жақты дамуына ұйытқы болған Ата Заңымызға – 23 жыл. Осыған орай Алматы қаласындағы Достық үйінде Ата Заңымыздың 23 жылдығына орай арнайы жиын өтті. Алматы қалалық Ассамблеясы ұйымдастырған жиында Ата Заңымыздың мәртебесі сөз болды.


«Көпұлтты зайырлы мемлекетте тұратын әрбір азаматтың сөз бостандығы, бас бостандығы мен еркін өмір сүруіне, сүйікті кәсібімен айналысып білім алуына толық құқы бар», – деді Алматыда Конституция күніне орай бас қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясы және этномәдени бірлестіктердің өкілдері.


Ата заңымызға 23 жылда бірнеше рет толықтырулар мен өзгерістер енгізілген. Мұндай жүйе халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады.


Ахмет Мурадов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:


- Елбасының соңғы көтерген әлеуметтік маңызы бар 5 бастамасының өзі Конституциямызды дамытуға негіз болады. Әрине, құжатқа халықаралық құқық секілді мәселелер бойынша кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Алайда мемлекет тұтастығы, ел тәуелсіздігі, халық бірлігі секілді мәселелерге келгенде Ата Заңымыз өзгертілмейді. Елбасы айтпақшы, бұл – мәңгілік. 


Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың Конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады.


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 1043    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.09.2018, 09:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30