Алатау тойына аудан мектептерінің тартуы
Білім мекемелерінің жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі міндеті – барлық оқу-тәрбие сатыларына байланысты ұстаз-тәрбиешілердің, ата-аналардың мектеп өміріне қызығушылық, өзара әрекеттестік пен ықпалдастықты пайдалана отырып, нақты жүйе жасау болып табылады. Ауданымызда 25 мектеп орналасқан. Республика, қала, аудан көлемінде күнделікті оқушылар арасында іс-шаралар өткізіліп отыр.
Осы іс-шараларға ауданның барлық мектептері белсене атсалысады. Атап айтар болсақ, №156 жалпы білім беретін мектепте «Мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысын жүргізудің жүйесі», №149 мектепте «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде тәрбие мазмұнын жаңарту аясында «Тәрбие мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогикалық ұжымның тәрбиелеу үдерісін жетілдіру» атты республикалық семинарлар, №26 мектепте ҚР Рәміздер күніне арналған «Елтаңба, Ту, Әнұран – тірегіміз, туған ел деп соғады жүрегіміз» тақырыбында аудандық іс-шара өткізілді. Сонымен қатар, «Қазақстан-2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Мен және отбасым» атты «Отбасылар» арасында өткен эстафеталық спорттық ойындар марафонына ауданымыздың барлық мектептері белсене қатысты. Аудандағы №152 мектеп-гимназиясында да патриоттық тәрбиеге ерекше мән беріледі. Осыған байланысты мектепте «Даңқ бұрышы» ұйымдастырылған. Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Қазақстанның» қасиетті рухани құндылықтары жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің қатысуымен «Беу, туған жер, бас ием» тақырыбында іс-шара өткізіп, оқушылар қазақ елін, жерін қорғаған Томирис ханшайымды, батыр бабаларымыздың рөлін ерекше патриоттық сезіммен сахналады. №182 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы халықтары достығын насихаттайтын «Ұлттар достығы – ұлы қорған» атты фестиваль аудан көлемінде өткізілді. Елімізде достықты ту етіп жүрген ұлт өкілдері өздерінің ұлттық құндылықтарын дәріптеді. №180 мектепте Алматы қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихшы ғалымдармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кешке Ахмет Байтұрсынов атамыздың туған жиені Айман Қабиденқызы, тарихшы ғалым Ғани Меңлібаев келді. Кездесуге мұрындық болған Берік Ағыбаевқа оқушылардың алғысы шексіз. «Нұр Отан» партиясы жанындағы Алатау аудандық «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы – Әсем Жақанова, «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының қызметкері Ермек Серікұлы, «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұханқали Алмасаев қатысты. Оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында №184 мектепте Тілдер мерекесі күніне орай, Алатау дәстүрлі мультимедиалық театрында «Ұлы көштің дарабозы» атты тақырыпта Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовпен кездесу кеші өтті. Абдолла Қарсақбаевтың туған күніне орай №41 А.Қарсақбаев атындағы мектепте «Ұлттық киноның мақтанышы» тақырыбында қала көлемінде іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.
Алатау ауданның құрылғанына 10 жыл толуына орай, ауданымыздың барлық білім беру мекемелерінде «Жайнай бер, Алатауым!», «Менің Алатауым – менің мақтанышым!» тақырыптарында спорттық-мәдени іс-шаралар өткізілуде. Осындай игі шараларды ұйымдастыруда, жоғары деңгейде өткізілуіне ауданның Білім беру бөлімінің басшысы А.Қасымбекова ұйытқы болып, тікелей басшылық етіп отыр.
Еркенұр Ерзия