Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Алексей Ягудин шеберлік сабақтарын өткізді

  • Алексей Ягудин шеберлік сабақтарын өткізді

    Алексей Ягудин шеберлік сабақтарын өткізді

Кеше Алматыда қаласында атақты мәнерлеп сырғанаушы Алексей Ягудин шеберлік сабағын өткізген болатын, ал, бүгін жас спортшылармен жеке шығармашылық кездесу өткізбекші. Бұндай игі істі бұрын Денис Тен өткізетін. Енді бұл дәстүрді ары қарай оның достары жалғастыруды жоспарлап отыр.

«Халық Аренада» Алексей Ягудин отызға тарта жас спортшыны топ-топқа бөліп, 1 сағаттан шеберлік сабағын өткізді. Болашақта есімі елге әйгілі басқа спортшылар да кесте бойынша осындай сабақтар өткізеді деп жоспарлануда.

Былтыр марқұм Денис Тен Алматы қаласында мәнерлеп сырғанаушы жас спортшыларға «Биікке ұмтыл» атты шеберлік сабағын өткізіп, оған Алексей Ягудинді де шақырған болатын. Олар балғын спортшыларға мәнерлеп сырғанаудың небір тәсілдерін үйреткен еді. Ол кезде шеберлік сабағын үш күн бойы тегін өткізген.

«Бұндай жақсы іске, мен ойланбастан келісемін. Былтырғы сабақты Денис Тенмен бірге өткізген едім. Шеберлік сабағын өтікізу менің кәсіби ісім ғана емес, адамгершілік тұрғыдағы борышым деп білемін. Өмірдегі қандай жағдайда да адам болып қалғанға не жетісін. Жас спортшыларға өз білгенімді үйреткім келеді. Келер жылы көктемде Ресейде мәнерлеп сырғанауды үйрететін өз мектебім де ашылады. Алған білімімді, үйренген шеберліктерімді бөлісуім керек деп ойлаймын», – деді Алексей Ягудин.

«Денис және оның достары» шоуы болашақта да жалғасын табады. Спорттағы әріптестері спорттың жарық жұлдызы болған Денис Теннің есімін есте сақтау үшін осындай игі шараларды ұйымдастырып тұрмақ.

Алексей Ягудин өткізген шеберлік сабағынан жас өскіндер көп нәрсе үйренгендерін айтуда. Спортшылардың, өнер адамдарының арасындағы достық ел мен елдің, ұлт пен ұлттың арасын жақындастыра түсетіні сөзсіз. Жалпы өнер, спорт саласында шекара болмайтыны бесенеден белгілі. Халықтар достығы осындай ізгі істерден нығайып, дами түседі. Елбасымыз биыл 5 қазанда жасаған Қазақстан халқына жолдауында "Қазақстанның Ресей Федерациясымен қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстардың эталоны болып саналады", - деп атап өткен болатын. 


Нұрлы Еділов




Көрілген: 622    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.10.2018, 11:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31