Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Алматы музейі татар халқының мәдениетімен таныстырды

  • Алматы музейі татар халқының мәдениетімен таныстырды

    Алматы музейі татар халқының мәдениетімен таныстырды

Алматы музейінде ұлттық мәдени орталықтармен бірлескен «Ел бірлігі – достықта» атты көрме өтуде. Мұнда күн сайын әртүрлі ұлттар мен этностар өз жетістіктерін жұртшылық назарына ұсынуда.

Осыған дейін орыс, бурят, ауған, осетин, чешен-ингуш, беларус, украин, түркімен, Қырым татарлары мен Жетісу казактарының көрмелері ұйымдастырылды. Бұл көрмелердің мақсаты – қаламыздағы ұлттық мәде­ни орталықтар арқылы әртүр­лі ұлт өкілдерінің тұрмыс-тіршілігімен жете таныстыру. Сонымен қатар ұлттық бірлік құндылықтарының негіз­дері, қазақ халқының толерант­тығы, Қазақстан халқы Ас­самб­леясының этносаралық қатынастар саласын реттеудің қоғамдық-саяси институты ретіндегі қалыптасуы мен дамуы көрмеге басты тақырып ретінде алынған. Әрі музей қорына әртүрлі ұлт өкілдерінің жәдігерлерін жинақтау да көзделіп отыр. Бұл жолы көрменің кезекті шарасы «Ильдаш» татар гуманитарлық даму орта­лығына арналды. Көрменің ашылуына жи­нал­ған жұртшылық ел­дің жарқын келешегіне қатыс­ты жақсы лебіздерін білдір­ді. Алматы қалалық мәслиха­ты­­ның депутаты, «Ильдаш» татар гуманитарлық даму ор­та­лы­ғының төрағасы Нури Ниязова, Алматы қаласы татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Тұрсынтай Ғабитов ризашылықтарын білдіріп, елдің есендігі үшін алғыс айтты. Салтанатты жиын түрлі мәдени шараларға, ән-күйге ұласты.


Айнаш ЕСАЛИ,

 




Көрілген: 649    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.10.2018, 16:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31