Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Алматы шетелдік студенттер көзімен

  • Алматы шетелдік студенттер көзімен

    Алматы шетелдік студенттер көзімен

Футзалдан студенттер арасындағы додада 500-ге жуық спортшы бақ сынайды. Шағын футбол тарихында мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған екен. 


Айта кетсек, студенттер арасында аяқ доптан алғашқы чемпионат 1984 жылы Бразилияда өткен. Кейіннен Португалия, Испания, Италия сынды әлемнің алпауыт елдерінде жалғасын тауып, кеңінен таныла бастады. Ал Қазақстан студенттер құрамасы Чемпионатқа 2006 жылдан бастап қатыса бастады. Енді бұл халықаралық жарыстың біздің елде ғана емес, жалпы ТМД аумағында тұңғыш рет өткені – үлкен жетістік дейді сала мамандары.


«Қысқы Универсиада ойындарынан соң сіздерде керемет мұра қалды. Ол бірінен-бірі асатын, өте сапалы спорт нысандары. Жалпы, Алматы өте ыңғайлы жерде орналасқан. Сайысқа Еуропа мен Азия елдерінің командалары да кедергісіз келе алады. Сондықтан биылғы жарысқа қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Меніңше, Алматының осы чемпионат сынды байрақты бәсекелерді өте жоғарғы деңгейде өткізуіне барлық мүмкіндігі бар», – деді «FISU» бақылау комиссиясының жетекшісі Дмитрий КИСИЛЕВ.


«Алматы былтыр Қысқы студенттер ойынын өткізіп, мол тәжірибе жинады. Медициналық инфрақұрылымды дамытып, допингке қарсы жүйе құрды. Қаладағы спорт нысандары, допинг бекеттер, медициналық пункттер чемпионатты жоғары деңгейде өткізуге әбден лайық. Ең бастысы, мұнда тәжірибелі, мықты медицина саласының қызметкерлері бар», – деді «FISU» халықаралық медициналық комиссиясының жетекшісі Марат ГАТАУЛИН.


Байрақты бәсекеге 17 елдің студенттер құрамасы қатысып отыр. Олардың ішінде, Аргентина, Чехия, Португалия және Германия сынды мықты командалар бар. Әлемнің әр түкпірінен келген спортшылардың барлығы «Қазақстан» қонақүйіне жайғасты. Қазақ жерін алғаш көрген шетелдік қонақтар өз әсерлерімен былай бөлісті.


«Алматыға алғаш рет келдім, қала өте ұнады. Әсіресе, адамдары қонақжай, мейірімді екен. Қазақстан туралы бұрын Павел Таку есімді досымнан естідім. Ол осында туып өскен, қазір Францияның бір футбол командасында ойнайды. Ал сіздердің чемпионатты өткізу деңгейлеріңіз көңілімнен шықты. Бұл жарысқа 3-ші рет қатысуым. Бірақ мұндай деңгейдегі сайысты көрмедім. Әсіресе, барлық қатысушыларды бір қонақүйге орналастырғаны өте жақсы болды. Бір-бірімізбен жақын танысып, достасып жатырмыз», – деді футзалдан Франция құрамасының ойыншысы Мухидин СУХЕЛ.


«Бұл менің Қазақстанға алғаш келуім. Бұл елден алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қала ерекше, жасыл екен. Табиғаты да керемет. Әсіресе, көз тартар тауларыңыз ұнады. Бұрын қымыз туралы көп еститінмін, таудан қымыз дәмін татып көрдім», – деді футзалдан Жаңа Зеландия құрамасының ойыншысы Дейна МЭНЕК.


«Мен бұл чемпионатқа бірінші рет қатысып отырмын және соның арқасында бірінші рет Алматыны көрдім. Қала өте ұнады, тұрғындары қонақжай екен. Көмек сұрасаң қол ұшын созуға дайын тұрады. Әсіресе, біздің жанымызда жүрген волонтерлерге рахмет! Осыншама көп волонтерді бұрын-соңды көрмеппін», – деді футзалдан Канада құрамасының ойыншысы Лариса УАЙТ.




Көрілген: 827    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.08.2018, 12:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30