Алматыда Ассамблея өкілдері бас қосты
Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық татулықты нығайту, ел бірлігі мен бейбітшілік идеясын насихаттау мақсатында «Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі» атты дөңгелек үстел өтті. Оны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі И.А.Крылов атындағы балалар кітапханасының конференция залында өткізді.
Алғашқы сөз алған Абубакир Воинце студенттерге: “Қазақ халқының ежелден басқа ұлттармен тату-тәтті болғанын, және қонақжайлылықпен қамқор болғанын”,- айтты. Кахабер Габелашвили Елбасының ұлтаралық және дінаралық татулықты нығайту бойынша саясатының оңды нәтижелерінен мысалдар келтіріп сөйледі. Иноятуло Валиев осы тақырып бойынша өз ойымен бөлісіп кетті. Мәдениеттанушы Бердалы Оспанов ағамыз ежелгі ата-бабамыздан қалыптасқан ұлтаралық татулықтан бірнеше мысалдар келтіріп, қазіргі біз ұрпақтар сол жолдың жалғастырушысы екенімізді жеткізді. Дөңгелек үстелде 70-тен астам студент ассамблея мүшелерімен этномәдени бірлестіктер басшыларына сұрақтар қойып, көптеген пайдалы ақпараттар алды. Қатысушылар бір сағаттық кездесудің қалай тез өткенін байқамай қалды. Кездесу соңында студенттер ассамблея мүшелерімен және ұйымдастырушылармен бірге естелік фотоға түсті.
Еркенұр Ерзия