Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Алматыда жиналған түркі тілдес елдердің ғалымдары қарар қабылдады

  • Алматыда жиналған түркі тілдес елдердің ғалымдары қарар қабылдады

    Алматыда жиналған түркі тілдес елдердің ғалымдары қарар қабылдады

Алматы қаласында өткен Халықаралық Түркі әлемі зерттеулеріне арналған симпозиумда түркі тілдес елдердің ғалымдары бас қосты, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Келілі жиынның өтуіне Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ұйытқы болып отыр. Айтулы шараға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан мен Башқұртстаннан үш жүзден астам ғалым мен сарапшы жиналды. Олардың арасында қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, өнер адамдары да бар.

Жиынды Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова ашып сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Алтай мен Анадолының арасындағы кең байтақ аймақ – түбі бір түркі баласының қастерлі қонысы, қасиетті мекені екеніне және қаншама дәуірлер алмасып, мыңжылдықтар өтсе де көк түріктің рухы өшпей, бабадан балаға мұра болған Күлтегіннің өсиеті санадан көшпей келе жатқанына тоқталып өтті.

Сонымен қатар Қыздар Университетінің ректоры «Ынтымақтастықты дамытуды көздейтін шараның бірі – Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы. Дәстүрлі жиын – түркітілдес елдердің мәдениеті мен өнерінің, тілі мен әдебиетінің дамуына үлес қосуды көздейді. Бұл – түркі өркениетінің дамуына, дәуірлер жалғастығына алтын арқау болады деп сенемін. Түркі дүниесі әлі сыры ашылмаған асыл мұраға бай. Осыған орай бүгінгі алқалы жиынға жиналған ғалымдар мен зерттеушілер түркі халқының бай рухани мұрасын, әдебиеті мен мәдениетін, тарихы мен тілін зерттеп-зерделеуге, бабалар дәстүрін жалғастыруға өз үлесін қосады деген ойдамыз», – деп атап өтті.

Симпозиумға жиналған қайраткер-ғалымдар тіл, әдебиет, тарих, мәдениет, өнер, педагогика, халықаралық қатынастар, экономика, философия, жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтану мәселелерін талқылап, ой бөлісті. Сонымен қатар, болашақта жалпы түркі әлемінде ортақ ғылыми жобаларды біріге отырып іске асыру жөнінде келсімдер жасасып, арнайы қарар қабылдады. Ол қарарда: «Әлеуметтік, экономикалық, мәдени, саяси және дипломатиялық салаларда қарым-қатынастарымыздың күшеюі – барша түркі халықтары үшін үлкен маңызға ие. Бұл ынтымақтастыққа ғылыми қадамды Түркі мемлекеттері мен қауымдастықтары, университеттері жасап отыр. Жоғары оқу орындары жасаған осы алғашқы қадамның қолдау көруі мен әлеуметтік негізінің қалануын күтеміз. Симпозиумда жаһандану заманында түркі мемлекеттерінің білім беру моделінің халықаралық ынтымақтастықты арттыруға негіз болатын ортақ тетіктері жетілдіру туралы мәселеге шешуші қадам жасалу тиіс. Үш деңгейлі үйлескен білім беру бағдарламалары негізінде барлық мамандықтар бойынша қос дипломды әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар әзірлеу жолдарын қарастыру туралы нақты шешімдер қабылдану қажет деп санаймыз. Симпозиумның түркі мемлекеттерінің өзекті мәселелерін шешуде маңызды рөлі белгіленіп, жетекші ғылыми ортаға айналдыру мақсатында халықаралық деңгейде танылуына жан-жақты қолдау көрсетілуі тиіс. Түркітанудың өзекті мәселелері бойынша ортақ дүниелерді жүйелі түрде талқылаудан өткізіп отыру мақсатында симпозиум жұмыстарын екі жылда бір рет түркі мемлекеттерінің бас қалаларында ұйымдастыруға мүмкіндік жасау қажет деп санаймыз. Университеттер арасында басталған осы ынтымақтастықтың басқа салаларда да дамуы және мемлекеттері мен қауымдастықтарының әр саладағы ынтымақтастығы өздерінің береке мен бірлікте дамуына ғана әсер етіп қоймай, сонымен қатар аймақтар мен әлемнің бейбітшілікте өмір сүруін қамтамасыз етеді» деп жазылған.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 861    Пікірлер: 0

сенбі, 13.10.2018, 15:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30