Алматыда «Қарттар айы» аясында атқарлып жатқан игі істер көп
Қариясы бар елдің қазынасы бар. Қарттарымыз еліміздің көзі тірі шежіресі. Ел дамауына өмір бойы тер төккен ардагерлер. Сондықтан бүгінгі ұрпақ қариялардың алдында қарыздар. Осы қасиетті парызды ұмытпай қарияларға құрмет көрсету үшін, Алматы қаласында арнайы «Қарттар айы» жарияланып, арнайы іс-шаралар ұйымдастырып атап өту жыл сайын үзілмейтін жақсы дәстүрге айналған.
Биылда сол игі іс жалғасын тауып Алматы қаласының әр ауданында қарияларға құрмет көрсетіп, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Тіпті биыл жылдағыданда ерекше аталып өтіп жатыр десек артық айтқандық емес. Күн сайын Алматы қаласының әр ауданында қарияларға арналған мерекелік дастархан жайылып, олардың көңілін көтеретін концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып жатыр. Қарттардың денсаулығын жақсарты мақсатында жаттығу залдары жұмыс істеп тұр. Онда тәжірибелі мамандар қарияларға денсаулыққа пайдалы жаттығу түрлерін үйретіп, салауатты өмір салтын қалай ұстау керегін насихаттауда. Тағы бір айта кетер іс-шара қарияларға тіл үйрету курстары да жұмыс істеуде. Өйткені Алматы қаласында әртүрлі ұлт өкілдері тұрып жатыр. Ал тіл ұлттар арасындағы татулықтың алтын діңгегі. Қраиялар өздері қызығушылық танытқан тілдерді үйрену үшін арнайы тегін курстарға көптеп жазылуда.
Жақында «Қарттар күнін» мерекелеу аясында «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы Алматы қаласының мәслихатындағы партия фракциясының мүшелері Вячеслав Баншиков пен Александр Гарбердің қолдауымен мейрамханалардың бірінде Алматы қаласының 40 қарт тұрғыны үшін мерекелік түскі ас ұйымдастырды. Партия мүшелері ардагерлерге денсаулық пен ұзақ өмір тіледі. Оларға азық-түлік пакеттері мен қаржылық көмек берілді. Ал денсаулығына байланысты келе алмай қалған қарияларға әр-түрлі азық-түлік толтырылған себеттерді жеткізіп берді. Айтып өткен жөн, «Нұр Отан» партиясы егде жастағы адамдарға арналған мереке аясында мерекелік кештерді үнемі ұйымдастырады, келе алмайтын қарттардің үйіне барып құрмет көрсетіп, сылықтар жасайды. Сонымен қатар қалалық емдеу мекемелерінде ашық есік күндері өткізіледі.
Атап айтсақ «Қарттар айына» арналған аудандық іс-шаралардың бірі «Persona Grata» мейрамханасында қарт адамдар үшін дайындалған қайырымдылық түскі ас ұйымдастырылды. Мерекелік дастархан басына аудан ардагерлері, тыл еңбеккерлері және зейнеткерлері жайғасыты. Олар әртүрлі ұлттың өкілдері. Қариялар ізгі тілектер тыңдай отырып, арнайы әзірленген дастарханнан дәм татты. Жиылған қауымға мейрамхана ұжымының әзірлеген ас мәзірі көп түрлілігімен қуантты. Бұл күні көптен бері бастары қосылмаған қариялар бір-бірімен қол алысып құшақ айқастырды. Дастархан басында қарттарымыз, өздерінің өткен өмірлерін еске алып, әндер шырқап, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Мейрамхана ұжымы келген қонақтарды мерекелерімен құттықтап, ардақты қарттарымызға денсаулық, ұзақ өмір және жақсылық тіледі. Мерекелік іс-шара соңында қонақтар мейрамхана ұйымдастырушыларына алғыс айтып, ақ батасын берді.
Сондай-ақ Алмалы ауданындағы әйелдер «Красное яблоко» сән студиясына барып сұлулық жасқа қарамайтынын және шектеуді білмейтінін тағы да дәлелдеді. Аудандағы қарттар айлығына арналған науқан барысында зенеткерлер шаштараз шеберлеріне шаштарын тегін әрі сәнді етіп қидырды.
«Hot 2 be» караоке барында ән байқауын ұйымдастырылдыды. Іс-шара Алмалы ауданы әкімі аппараты және аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шара шеңберінде зейнеткерлер орысша және қазақша әндер айтып, би билеп, бір марқайып қалды. Ән байқаудың барлық қатысушылары іс-шара барысындағы сезінген көңіл-күйлерімен бөлісіп, осындай кездесулер жақсы дәстүрге айналатынына сенім білдірді.
Міне осылай тізбелей берсек ауыз толтырып айттар істерді айтып тауысу мүмкін емес. Қала бойынша әр ауданда жасалынатын іс-шаралар легі әлі де толастар емес. «Қарттарым асыл қазынам» демекші асылдарымызды құрметтеу азаматтық парызымыз.
Нұрлы Еділов