Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Алматыда қазақ тілін насихаттап жүрген өзге ұлт өкілдері өте көп

  • Алматыда қазақ тілін насихаттап жүрген өзге ұлт өкілдері өте көп

    Алматыда қазақ тілін насихаттап жүрген өзге ұлт өкілдері өте көп

Елімізде өзге ұлт өкілдері қазақ тілінің дамуына сүбелі үлес қосуда. Олардың бірі қазақ тілін әнге қосса, бірі мемлекеттік тілде онлайн сабақтар өткізуде. Қазақтар бір-бірімен қазақша сөйлесіп, қазақша үйренсін. Тіл жанашырларының ұстанымы осындай. Себебі, мемлекеттік тілдің тұғырын тіктеу үшін Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір адам тіл білуі қажет. Бұлар кімдер? Қазақ тілін дамуытуға қандай үлес қосып жүр? Осы сауалдарға жауап іздейміз.

Қазақ тілі жанашырының бірі тележүргізуші және музыка зерттеушісі Юрий Петрович Аравин. Ол Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консерваторияда қазақ бөліміне сабақ берген. Қазақ тілін жетік меңгерген. 77 жасты алқымдасада қазақ музыкасын жас буындарға үйретіп жүр.


Елімізде алғаш болып орысша-қазақша онлайн сөздік жасаған Евгений Чуриков. Ол ғаламтордағы сөздік жобасымен 1999 жылдан бері айналысып келеді. 2001 жылы «Sozdik.kz» сайтын іске қосты. Қазіргі таңда сайт аудиториясы ай сайын 5 пайызға өсуде. Сонымен қатар, күн сайын 20-25 мың сөз бен сөз тіркестерінің аудармалары жасалуда.


«Орыс Star» КВН командасыда әдемі әзілдерімен қазақ тілін насихаттап жүр. Аталмыш топ мүшелері - Семен Махов, Евгений Шворнев және Сергей Закора. Олар «қазақ тілін білмейтіндерге арналады» деген өлең шумақтарын әлеуметтік желіде жиі қолданып жүр. Олардың басты мақсаты – қазақ тілін білмейтіндерге әзіл арқылы мемлекеттік тілді үйрету.


Татьяна Валяева әлеуметтік желілер арқылы халықты қазақ тілін үйренуге шақырып жүр. Мәселен желіде «Еркін жол» атты топ ашып, қазақ тілі дыбыстарының оқылуы мен жазылу тәртібін үйретуде. Ғаламторға қазақ тілінде видеолар түсіріп жүктеуде.


Андрей Фендриков - шебер музыкант. Қазақтың қос ішекті домырасын жіті меңгерген. Қазіргі таңда қазақ өнерін өзге елдерге насихаттап жұр.


Қазақ тілінің дамуына сүбелі үлес қосып жүргендердің бірі - Елена Игоревна Романенко. Оның қазақ тілінде 6 кітабы жарық көрген. Ол қазақ тілін ағылшын әдіс-тәсілі бойынша үйренуге шақырады.


«Қазақ тілін меңгеремін, қазақша сөйлеймін!» деп өз-өзіме ант берген орыс қызы Оксана Лоскутова. Ол қазақ тілін университетте оқып жүріп меңгерген. 10 жыл бой телевидение саласында қазақ тілі бөлімінде жұмыс атқарған. Оның басты мақсаты - Қазақ тілінің бай әрі рухани кемелді тіл екендігін барлығына түсіндіру.


Тележурналист Максим Рожин қазақ тілін жетік меңгерген азамат. Ол мемлекеттік тілді көтеру үшін көшедегі жарнамаларды көбейту керек екендігін айтып, бастама көтерген. Сонымен қатар, шетелдерден келетін тауарлардың аудармасын қазақшалауды ұсынған болатын. Еліміздің универсеттерінде жиын өткізіп, қазақ тілін насихаттауда.


Қазақ тілін жетік білетін орыс қыздардың бірі журналист және тележүргізуші Ольга Спирина. Ол бала кезінен қазақ мектебінде оқып, тәлім-тәрбие алған. Қазіргі таңда қазақ фильмдеріне түсіп, өзін актерлық қырынан сынап жүр. Сонымен қатар, төл тілімізді білмейтіндерге арнап, Алматыда қазақ тілін тегін үйрететін клуб ашқан.


Ресейде жүріп қазақ тілін әлеуметтік желілер арқылы насихаттаған тіл жанашыры - Максим Споткай. Ол 2013 жылдан бастап қазақ тілінің дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Мәселен, Омбы өңірінде қазақ тілін дамытумен айналысатын «Қазақ тілі» бастамашыл тобының жетекшісі болған. Федералдық тізімге қазақ тіліндегі оқулықтар мен құралдардың енгізілмегені туралы мәселе көтерді.


Владислав Тен дәрігер және тіл маманы. Оның 7 жылдық еңбек өтілімі бар. Ол шамамен 6-7 тілді меңгерген. Қазіргі таңда қазақ тілінің дамуына өзіндік үлес қосып жүр. Сонымен қатар, әрбір қазақстандықты «Мен де қазақпын. Сол үшін қазақ тілін үйрендім» деген ұстанымға шақырады.


Терновая Наталия Сергеевна ұлты орыс болсада қазақ тіліне деген құрметі шексіз. Оның шәкіртерінің айтуынша, Конституциялық және халықаралық құқық пәнінен сабақ берген көрінеді. 2010-2015 жылдар аралығында 20-ға жуық ғылыми жұмыстары жарық көрді. ҚарМУ мақтау қағазын алды. Оның студенттері халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары атануда.


Қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытқандардың бірі Глеб Пономарев. Қазақстанда тұрғандықтан мемлекеттік тілде сөйлеу парыз деп біледі. Өзі мектепте оқып жүріп-ақ қазақ тіліне деген қызғушылығы басым болған. Мәселен, Глебтің жақында досы Арман Шураев оның қазақ мәдениетіне қызығушылық танытып, мемлекеттік тілді үйреніп жүргенін біліп, аса қымбат тұратын, сапалы домбыраны сыйға тартқан. Қазіргі таңда Глеб Пономарев қазақ тілімен қоса қазақтың ұлттық аспабы домбырада ойнауды жақсы біледі. Сонымен қатар, қазақ тілін дамыту үшін қазақша роликтер, мультфильмдер, анимациалық жобалар жасауда.


Бұл өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйретуге қатысты жасап жатқан жұмыстарының бір бөлігі ғана. Қазақстан Халқы Ассамблеясының бір жұмыс бағытына айналып отырған қазақ тілінің тынысын ашу, барынша дамыту бағытындағы жұмысының нәтижелі екенін байқаймыз!

 

Еркенұр Ерзия


Көрілген: 637    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.10.2018, 13:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30