Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Алматылық зейнеткерлер арнайы орталықта ұзақ өмір сүрудің қыр-сырын үйренеді

  • Алматылық зейнеткерлер арнайы орталықта ұзақ өмір сүрудің қыр-сырын үйренеді

    Алматылық зейнеткерлер арнайы орталықта ұзақ өмір сүрудің қыр-сырын үйренеді

 Алматыда қарттардың денсаулығын оңалтатын орталық ашылды. Онда қант диабетімен сырқаттанған және есте сақтау қабілеті бұзылған зейнеткерлерге ем жасалады. Орталық алматылық зейнеткерлерге қызмет көрсетеді. Мұнда түрлі ұлт өкілдері келеді. 


Төрт мезгіл тегін тамақ таратылып, зейнетте зеріккен қарияларға барлық жағдай жасалады. Тек күндіз ғана жұмыс істейтін сауықтыру мекемесіне жолдама алу үшін қандай құжаттар қажет?


Зейнеттен соң зерігіп, қоғамнан бөліне бастаған қамкөңіл қарияларға қолдау көрсету үшін қалада тағы бір ерекше орталық іске қосылды. «Ұзақ өмір сүру» жобасы аясында ашылған мекемеде қант диабетінің екінші түрімен ауыратын және есте сақтау қабілеті бұзылған қарттарға ем көрсетіледі. Егде жастағы адамдар бөбекжайға келген балалардай, күнде таңғы сағат 9-дан түскі 3-ке дейін осы орталықта уақыттарын өткізеді. Олар түрлі емдік жаттығулар жасап, дәрігерлер мен психологтардың көмегіне жүгіне алады. Ал зеріккісі келмейтіндер дегендері ән салып, қолөнермен шұғылданады.


«Орталықты өзіміздің емханадан естідім. Олар маған жолдама берді, жолдаманы орталыққа өткіздім. Орталық 5 күннен кейін осы жерден «Сіздің құжаттарыңыз түсті, бізге қабылдауға келіңіз» қоңырау шалды. Осы орталыққа келгелі бері салмағым да бұрынғы мөлшеріне келіп жатыр. Ұйқым жақсы, қан қысымым түсе бастады», – дейді зейнеткер Қанат ТІЛЕУЖАНОВ.


«Бұл жерде үйдің шаруасынан, бала-шағадан, қазан-аяқтан аздап қолың босайды. Мұнда қатарластарымызбен көңіл бөлісіп, әңгіме айтысып, жастық шақты еске алысамыз. Бұл жерде диетамен де емделуге болады. Денсаулығым жақсарды, қан қысымым көтерілмейді, дәрі ішпеймін.Зейнеткер өз денсаулығын оңалтуды үйренеді», – дейді Жақсыгүл БЕРТАГИНА.


Қарттар орталыққа келіп, оңалғаны үшін қалталарынан бір тиын да төлемейді. Оларды үйлерінен тасымалдау үшін көлік те қарастырылған. Ерекше күтімді қажет ететін сырқатпен ауыратындықтан, келушілерге 4 рет диеталық тамақ беріледі. Зейнеткерлерді күндіз қабылдау орталығында 56 адамға орын қарастырылған. Мұнда қарттардың қас-қабағына қарап, бар жағдайын жасайтын 17 қызметкер бар. Сауықтыру мекемесіне Алматыда тұрақты тіркеуі бар зейнеткерлер келе алады. Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына тиісті құжат тапсыруы шарт.


«Өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша Қызмет көрсету орталықтарына барып, зейнеткерлік куәлігі, медициналық куәлігі сияқты құжаттарын тапсыруы керек. Сол құжаттарды тапсырғаннан кейін, оларды Қызмет көрсету орталығы Әлеуметтік басқармаға жібереді. Ал олар өз кезегінде, қолына жолдама берілген зейнеткерлерді бізге жібереді», – деді Алматы қаласы Зейнет жасындағы тұлғаларды күндіз қабылдау орталығының жетекшісі айнұр ЕШМАНОВА.


Оңалту орталығына зейнеткерлер 2 айдан артық келе алмайды. Өйткені, өтініш берген өзге қарттар ұзақ кезек күтіп қалмауы тиіс. Алматы қаласында бастау алған тың жобаның жұмысымен бүгін Мәжіліс депутаттары да танысты. Халық қалаулылары сауықтыру мекемесінің тиімді екенін айтып, болашақта олардың санын өзге өңірде де көбейту қажеттігін алға тартты.


«Биыл осы бағдарламаны іске асыру үшін 160 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Ол 222 мың адам үшін аса көп ақша емес деп ойлаймыз. Соның ішінде, 26 млн теңге осы орталықты іске асыру үшін бөлінген. Яғни, адам басына күніне 3200 теңге бөлінеді. Оның ішіне осы жалға алу ғимаратты, қызметкерлердің еңбекақы, зейнеткерлерді үйлерінен алып кетіп, қайтып апару, яғни тасу жұмысы кіреді», – деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мейіржан ОТЫНШИЕВ.


Бүгінде Алматыда зейнет жасында 222 мың адам болса, олардың өмір сүру ұзақтығы тек 12 пайызды құрап отыр екен. Сондықтан қарттардың ұзақ жасауына жағдай жасау барынша қолға алынбақ. Осындай оңалту орталықтарын қаланың өзге аудандарында ашу жоспарда бар.


«Алматы» телеарнасы




Көрілген: 715    Пікірлер: 0

сенбі, 25.08.2018, 23:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31