Алматының этномәдени бірлестіктерінің құрылғанына 29 жыл
Алматы қаласының этно-мәдени орталықтарын құру туралы шешімнің қабылданғанына жақында 1 қазан күні 29 жыл толады.
–Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің басты басымдылығының бірі ретінде Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етіп, толеранттылық пен бейбітшілік, құндылықтардың теңдігін бекіткен болатын. Соның арқасында Қазақстанның мемлекеттік қалыптасу кезеңінде қандай да бір ұлттық немесе діни жанжалдар болған жоқ. Оның үстіне, біздің еліміз әлемдік қоғамдастықта кең қолдау тапқан көптеген халықаралық бейбіт бастамаларды бастап келеді. Бүгінде біз өзара түсіністік пен өзара сыйластықпен тәрбиеленген ерекше қоғам қалыптасқанын сеніммен айта аламыз, – дейді шаһар басшысы Бауыржан Байбек.
Алматыдай алып шаһарда бүгінде отыз бес этно-мәдени бірлестік, бес ұлттық театр, он екі жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Әрі сегіз тілде түрлі баспа өнімдері жарық көреді.
Еркенұр Ерзия