Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

"Алпамыс батыр" жырын жатқа айтатын Михаил Шух көпшілікті тамсандырды

  • "Алпамыс батыр" жырын жатқа айтатын Михаил Шух көпшілікті тамсандырды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен батырлар жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған» атты әдеби және тарихи-танымдық байқауы жарияланып, мәресіне жетті.


Аталмыш байқауда көпшілікті сүйсінткен бір жағдай Алматы қаласы бойынша 8 аудандағы мектептерден жырқұмар 1300-ден астам жасөспірім байқауда бақ сынауға ниет білдірген. Жыр жарысына қатысуға ықылас танытқан оқушылардың арасында 54 өзге ұлт өкілі бар. Айта кетерлігі, №187 мектептің оқушысы Михаил Шух «Алпамыс батыр» жырының 50 бетін жатқа оқиды екен. Осылайша батырлар жыры бүкіл елге, барлық ұлтқа ортақ қазына екенін тағы бір дәлелдеді. Батырлар жыры сайысына басқа ұлт өкілдерінің де қызығушылық танытатыны байқау ұйымдастырушыларын ғана емес барша елді қуантты.


Қалалық көлемде ұйымдастырылғанмен, Алматы алып шаһар болғандықтан, ұлттық жобаның жаңғырығы бүкіл республикаға жетіп жатқаны байқалады. Қазірше қалалық деңгейде бастау алған бұл Ұлттық жобаның аясы кеңейіп, келешекте республикалық ауқымда жалғасын табады деген сенімдеміз. 


Сайыс қорытындысы бойынша, 1,2,3-орын алған жеңімпаздар 1500000, 1000000, 500000 теңге көлемінде жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, тағы үш жеңімпазға қомақты ынталандыру сыйлықтары табысталды. Сайыста өнерімен өз ортасынан озып шыққан шәкірттердің шеберлігін шыңдаған ұстаздарға Англияның Оксфорд қаласында ағылшын тілін меңгеріп қайтуға жолдама берілді.


 Еркенұр Ерзия




Көрілген: 624    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.10.2018, 00:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31